Хасенова Гулжан Мадиевна » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
13
қараша
2018

Хасенова Гулжан Мадиевна

Хасенова Гулжан Мадиевна, Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Семей қаласы  Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің жоғары санатты мұғалімі.
1983-1987 жылдары Н. К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының қазақ филология  факультетінде оқып,  тәмамдады.
1987-1993 жылдары бұрынғы Семей облысының  Шар қаласында, 1993-1998 жылдары Талдықорған қаласындағы Б. Жолбарыс атындағы лицейде  қызмет жасады. 1998 жылдан бастап аталмыш  мектепте   қызмет атқаруда.
         Республикалық Білім беруді ақпараттандыру ғылыми-әдістемелік        орталығының Құрмет  грамотасымен, Қазақстан Республикасы «Білімге қосқан үлесі үшін» медалімен, облыстық білім басшысы А. Садыкованың Шығыс Қазақстан  облысының білім саласына қосқан зор үлесі үшін Грамотасымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін Құрмет  грамотасымен марапатталды. 
         Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.  Сапарбаевтан Алғыс хат алды.
         «Дарынды балалар – Қазақстанның болашағы» атты   республикалық         энциклопедияға енді.