Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Исин Амантай Исаұлымен «Тарих толқынындағы – Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында кездесу өтті. » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Исин Амантай Исаұлымен «Тарих толқынындағы – Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында кездесу өтті.
25
ақпан
2019

Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Исин Амантай Исаұлымен «Тарих толқынындағы – Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында кездесу өтті.

23.02.2019 жылы Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның «Рухани жаңғыру» орталығында Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Исин Амантай Исаұлымен «Тарих толқынындағы – Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: Белгілі тарихшы, ғалым, археолог, профессор Исин Амантай Исаұлымен кездесіп, Ұлы даланың жеті қыры жайлы толық мағлұмат алу. Археолог, тарихшының тарих толқынындағы орасан еңбектерінің куәсі болу, сол арқылы жастардың бойында өз елінің тарихына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Кездесуді мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Б.О. Келдібаева және Рухани жаңғыру орталығының жетекшісі Г. Б. Жумабекова жүргізді. Кездесу барысында Амантай Исаұлының өмірінен қысқаша мәліметтер айтылып, ғалым ағаның тарих саласында негізгі айналысып жүрген тақырыптары жайлы сөз қозғалды. Оқушылар «Ұлы даланың жеті қыры» аясында өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарына түрлі жауаптар алып, өз ризашылықтарын білдірді. Өлкеміздегі Шілікті, Берел қорымдарының зерттелуі жайлы оқулыққа енбеген кейбір ерекше қырлары жайлы мағлұмат алды. Ғалым аға тек тарихшы, археолог қана емес, сонымен қатар қазақтың күй өнерін зерттеп жүрген ұлы тұлғалардың бірі. Осыған байланысты өзі зерттеген күйлерді орындай отырып, жас ұрпаққа ғылым мен өнердің егіз ұғым екенін дәріптей келе, оқушылардың қызығушылығын оята алды. Кездесу өте тартымды да мағыналы өтті.