Мектеп жанындағы жазғы «Funland» оқу үйрену лагері » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » Мектеп жанындағы жазғы «Funland» оқу үйрену лагері
17
маусым
2019

Мектеп жанындағы жазғы «Funland» оқу үйрену лагері

      Балалардың жазғы демалысын ұтымды пайдалану және ағылшын тілін дамыту мақсатында  түрлі шаралар өткізуде тәрбиешілер  жоспарларын құрып,  2019 жылдың 1-15 маусым аралығында «Funland» жазғы ағылшын тілін жетілдіруде оқу –сауықтыру  лагері өткізілді.  Лагердің  1 маусым «Балаларды қорғау күнінде» демалушыларға   орталық алаңда конкурстарға қатысып, концерт көруге барды.  Лагерьде 4 топ жұмыс жасады  «Kulimsire», « Milky way» , « Rainbow» , « Stars».Топтардың жетекшілері: Кәкімжан Ә, Ниязбекова Ә,   Бимбетова  А,  Кунафина М, Шакенова К, Боранжанова М, Төребекова Т, Зеитова А,  спорт мұғалімі Отынбаева Г, сурет мұғалімі Аубакиров А және   музыка мұғалімі жұмыс жасады. Алғашқы  күні лагерьде оқушыларға арналған ашылуы болды, сол ашылуда мектептің балдырғандары өз өнерлерін көрсетіп топтарын таныстырды. Әр топта оқушылар қауіпсіздік ережелермен танысты. Тәрбиешілер  демалушыларды асханаға апарып, ойын ойнатып, қаланың көрікті демалыс орындарына , мәдени орталықтарына , балалар саябағына , зообаққа , ескерткіштеріне апарып отырды. Ең алғашқы күннен бастап ағылшын тілінде кіріктірілген сабақтар , ойындар өткізілді . Оқушылар қолдарынан келетін бар өнерлерін көрсетті. Осымен демалушылардың саяхаты аяқталдыЛагерь соңында салтанатты жабылуы болып, балаларға ағылшын курсын оқығандары үшін сертификаттар табысталып, сыйлықтар берілді.

                                                                                                  Лагер жетекшісі М.Ж.Сағындықова