Абай болған жерлерде....... » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
11
қараша
2019

Абай болған жерлерде.......

Абай болған   жерлерде

Абайдың тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық

қорық-мұражайы


"Абай болған жерлерде" 7 сынып оқушылары  ұлы Абай атамыз болған жерлермен экскурсия жасады.

Олар бас музей ғимаратынан бастап яғни Абай заманындағы көпес Ершовтың, сол дәуірдегі Гоголь кітапханасы және облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасымен танысты. 

Мақсаты: Ақын Абаймен танысу, ұлы ақын Абай мұрасымен таныса отырып, Абай өлеңдері арқылы оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, еңбекқорлыққа, адам бойындағы асыл қасиеттерге баулу.Оқушылардың ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, сөз мағынасын түсінуге бағыттау, ой - өрісін дамыту.Өнерге баулу, эстетикалық тәрбие беру, жақсы мінез - құлықты дәріптеу, асыл мінез қалыптастыру.

Абайдың әдеби-мемориал мұражайы Мұхтар Әуезовтің ұсынысы бойынша ақынның туғанына 95 жыл толу қарсаңында Қазақ КСР Халық Комиссарлар кеңесiнiң 1940 жылдың 1 сәуiрiндегi №347 қаулысы негiзiнде құрылды. Ол - Қазақстан тарихындағы тұңғыш әдеби мұражай. 1990 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай Қазақ КСР Министрлер кеңесінің қаулысы бойынша ақын мұражайы Абайдың “Жидебай-Бөрiлi” мемлекеттiк тарихи-мәдени және әдеби-мемориал қорық-мұражайы болып қайта құрылды.


 

Қорық-мұражайдың негiзгi қоры 1885 жылы Абайдың өлкетану мұражайына тапсырған заттарынан тұрады. Бұл заттардың 30-ға жуығы мұражай қорында сақтаулы тұр. 


Мұражай экспозициясында “Абай дәуiрi”, “Абай бейнелеу өнерiнде”, "Абай және Семей шаһары" атты тақырыптық көрме залы, "Абай шығармашылығының қайнар бұлақтары", ақын дастандарына арналған “Шығыс залы”, “Грек залы”, "Жаз" өлеңіне арналған зал, “Абайдың ақындық мектебi”, “Абайтану”, “Абай халық жүрегiнде” және "Сыйлықтар" залы орналасқан. Онда Абай өмірі мен шығармашылығы, оның ақындық және туыстық айналасы, замандастары мен дәстүрін жалғастырушылар жайлы мол мағлұматтар жинақталған.


Мұражай экспозициясына ақын отбасынан қалған көне мүліктер, түпнұсқа құжаттар, Абай дәуірін, оның қоғамдық қызметін бейнелейтін этнографиялық және архивтік деректер, шығыс ғұламаларының сирек кездесетін шығармалары, батыс философтарының туындылары мен замандас ақындардың жазбалары жинақталған. 

Экскурсияны жүргізген мұражай қызметкері балаларға түсіндіріп, әр экспонаттың ерекшеліктеріне тоқталды, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырды. Біздің оқушыларымыз көптеген мағлұматтар алды. 

Саяхат соңында ұжым мүшелеріне рахметімізді айтып, қош айтыстық.

Абай мұражайынан шыққан оқушылар рухани байып, ой өрістері кеңейіп қалды



Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы

әмбебап кітапханасы


Еліміздегі ең көне кітапханалардың бірі, шежірелі тарихы бар Семей облыстық кітапханасы 133 жыл бұрын ашылған. Бүгінде ол – Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы. Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1992 жылы 8 желтоқсандағы шешімі бойынша кітапханаға қазақтың кемеңгер ақыны Абай есімі берілді. 


Семей тарихы мен мәдениетінің жарқын беттерінен маңызды орын алатын кітапхана тарихы ұлы ақынның есімімен тығыз байланыста. ХIХ ғасырдың екінші жартысында Семей жері патшалық Ресей үшін саяси айыптыларды жазалау орындарының біріне айналғаны тарихтан мәлім. Қалада саяси жер аударылғандардың болуы қаланың мәдени-рухани өміріне тың өзгерістер әкелді. Саяси жер аударылғандар Е. Михаэлис, П. Лобановский, Н. Долгополов, С. Гросс, А. Леонтьев, А. Блектердің Семей қаласының рухани өміріне сіңірген еңбектері бір төбе. 



Біздің кітапхананың тарихы 1883 жылдың қыркүйегінде ірге көтеруінен бастап кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлы есімімен тығыз байланысты. Семейдің қоғамдық кітапханасының алғашқы кезеңінен тұрақты оқырманы хакім Абайдың құрметіне 2013 жылдың күзінде ашылған «Абайдың рухани орталығы» аясы кең шаралар ауқымын қамтиды.

Орталықтың мақсаты: Абай оқыған әдебиеттер әлемімен, Абай заманындағы қоғамдық кітапхананың рухани қазына қорымен, Абайдың рухани мұрагерлері – ұлт зиялыларының, абайтанушы ғалымдардың өнегелі өмірі мен шығармашылығын көпшілік қауымға таныстыру, абайтану ғылымына байланысты әдебиеттерді зерттеуші-ғалымдарға даралап ұсыну.

Орталық жұмысының міндеттері:

  • сирек басылымдар қорын зерделеу;
  • Абай заманындағы сирек баспа өнімдерін іріктеу;
  • тұрақты сирек басылымдар көрмесін, шолу дайындау;
  • сирек басылымдарды сандық түрге көшіруді ұйымдастыру;
  • ғылыми бағытта жұмыс істейтін ғалымдарымыз бен ғылым жолындағы жастар үшін орта құру;
  • шетел кітапханаларымен, ғылыми зерттеу орталықтарымен сирек басылымдар қорын толықтыру, абайтануға байланысты ғылыми-зерттеу еңбектер мен әлем тілдеріндегі Абай шығармаларын жинақтау, осы бағытта ақпарат алмасу үшін қарым-қатынас орнату;
  • республика көлемінде сирек басылымдар қорын, заманында Абай оқыған әдебиеттер әлемін насихаттау;
  • сандық форматтағы әдебиеттерге интернет пайдаланушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Орталықтың қорында қазақ, орыс, араб, түрік, ағылшын, қытай, қырғыз, өзбек, тілдерінде Абай шығармалары сақталған. Алдағы уақытта сирек басылымдар қорын жұртшылыққа кеңінен насихаттау шаралары атқарылмақшы. Бұл шараларды алыс-жақын шетелдер – көршілес Ресей, Қытай, Монғол елдері кітапханаларымен бірлесіп қызмет атқару шаралары жоспарлануда.

Қала тұрғындары және қонақтары, студенттер, мамандар, ғалымдар мен ізденушілер, қаламгерлер, зейнеткерлер сирек басылымдарымыздың алтын қорынан өздерінің шығармашылық ізденістеріне, ғылыми жұмыстарына, кәсіби шыңдалуына қажетті ақпаратты кітапханамызға келіп пайдалана алады.


Абайдың тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық 

қорық-мұражайы



«Мұражай – тарих,  мұражай – шежіре.  Мұражай – білім-ғылым.  

Сан-салалы өнер мен  ғылым   қоспасы – мұражай.  

Мәдениетті елдерде әрбір мұражайдың  тарихы жазылып қатталады.

                             Тіпті әрбір    мұражайдың  кезеңімен алмасып, жаңарып   тұрар – экспозициясының тарихы шежіреленеді»  әдебиетші ғалым  Құлбек   Ергөбек 


  Мұражай  ғасырлар шежіресі мен өмірдің рухани қазынасы. Мұражай ұлттың  ұлылығын ұлықтайтын қасиетті мекеме. Мұражай – табиғат пен адамзат қоғамының дамуы туралы білімнің алғашқы деректемесі материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін табиғат коллекциялары мен тарихи нұсқаларды жинақтау, сақтау, зерттеу, жәдігерлерін халыққа көрсетіп, насихаттау қызметін атқаратын ғылыми мекен. Мұражай жәдігерлері ғылым мен өндірістің алуан түрлі салаларын қамтиды

  Әр дәуір, әр кезеңнің  өз шежіресін жасайтыны белгілі. Көнені көзден   өткізе  отырып жаңамен сабақтастыру, жалғастыру да біздің салтымыз. Оқушыларға  кешегі өтткенді ой-санасына  құю арқылы   өлкеміздің  тарихын  ұмыттырмай дәріптеу керек. Сондықтанда сынып жетекшісі Сауле Маратовнаның жетекшілік етуімен және кітапханашылар Гулжанар Муратбековна, Динара Нурбековна бастап  7 «Б» сынып оқушыларын Абайдың тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайына апардық. Абай қорық-мұражайы Қазақстандағы ірі мәдени орталықтардың бірі. Бүгінгі таңда елімізде мұражай – ғылымның, білімінің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми-танымдық бағытта қызмет атқаратын өз алдына дербес мекеме. Осындай мекемелердің бірі – өлкеміздегі Абайдың тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы. Қорық-мұражайдың негізгі қызметі – Абай өмірі мен шығармашылығына және оның ақындық-өнер айналасын, сол замандағы тарих пен мәдениет құбылыстарын, заттық, құжаттық жәдігерлерді зерттеу, сақтау, насихаттау, қорғау. Мұражай қазақтың ұлы жазушысы, академик М.О.Әуезовтің ұсынысы бойынша Абайдың 95 жылдық мерейтойы қарсаңында, 1940 жылы Қазақ ССР-нiң Халық комиссарлар кеңесiнің 1-сәуiрдегі қаулысы негізінде құрылып, сол жылы 16-шы қазан күні мереке үстінде ашылды. Ол Қазақстан тарихындағы тұңғыш әдеби мұражай болып табылады.

 

1940-1944 жылдары Бекбай Байысовтың үйінде ашылып, 1944-1967 жылдары Әнияр Молдабаевтың үйіне қоныс аударды. Бұл екі үйдің Абайға тікелей қатысы бар. Ақын 1975-1904 жылдары Семей қаласына келгенде осы үйлерге түсіп жүрген.  1967 жылы Абайдың 125 жылдық мерейтойы қарсаңында мұражай қаладағы сәулет ескерткіштерінің бірі саналатын, ұлы ақын өмір сүрген дәуір үлгісімен салынған көпес Роман Ершовтың үйіне көшірілді. 1990 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай Қазақ ССР Министрлер кеңесінің қаулысы бойынша ақынның әдеби-мемориалдық мұражайы Абайдың «Жидебай-Бөрiлi» мемлекеттiк тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы болып қайта құрылды. Қазіргі кезде мұражай әдеби-мемориалдық музейден Республикадағы ірі қорық-мұражайлардың бірі.


Қорық-мұражай алқабында көптеген мемориалдық ескерткіштер өлке тарихының өткенін көз алдыңа әкеліп, ұланғайыр территорияның түкпір-түкпірінде орналасқан бағзы қорымдар мен қасиетті орындар ұлылар өмір сүрген өлкеге тағзым ете келген көпшілікті ерекше сезімге бөлейді. Бүгінде ұлы Абайға арналып ашылған Қазақстан тарихындағы тұңғыш әдеби мұражай бүгінде тарам-тарам жеке құрылымдардың басын біріктірген іргелі мәдени кешенге айналды.

Семей қаласындағы Абай қорық-мұражайдың құрамына қалалық кешен, Абай ауданы Бөрілі ауылындағы М.Әуезовтің мұражай-үйі, Жидебайдағы Абайдың мұражай-үйі, 6400 га қорық аймағына кіретін 16 ескерткіштер мен тарихи орындар, Абай ауданында Құндызды ауылындағы халық ақыны Шәкір Әбенұлы және Үржар ауданы Мақаншы ауылындағы Әсет Найманбайұлының мұражайлары кіреді.


       Қалалық кешен құрамына Ленин көшесі, 12 үйде орналасқан көпес Роман Ершовтың үйі, 1995 жылы салынған жаңа ғимарат, 1993 жылы кешен аймағына көшірілген Ахмет-Ризаның медресе-мешіті, мұражайдың әкімшілік үйі, сонымен бірге Бөгенбай батыр көшесіндегі 132-ші үйде орналасқан «Алаш арыстары және М.Әуезов» мұражайы кіреді. Бас мұражай  экспозициясы 16 бөлімге қанат жайып отыр. Олар: «Абай дәуірі», «Қайнар бұлақтар», «Абайдың шығармашылығы», «Аударма, ән-күй мұрасы», «Абайдың поэмалары» залдары, «Жаз», «Абайдың ақындық өнер айналасы», «Абайтану», «Бейнелеу өнеріндегі – Абай тұлғасы», «Тақырыптық көрме залы», «Сыйлықтар», «Абай халық жүрегінде».

«Сіздің артыңызда қалдырған мұраңыз – жинаған байлығыңыз, жай ғана құндылықтар емес, жақсы өткізген өміріңіз. Құндылықтар – адамдардың  не үшін өмір сүретінінің  белгісі»,- деген екен Т.Джефферсон. Олай болса, мұражай қорын толықтыру мен ондағы жинақталған құндылықтарды зерттеп-зерделеу барлығымыздың міндетіміз.

         Міне, Біз  мұражай экспозициясын тамашалап, ұлы Абайдың мұрасымен, сұлу табиғатымен, бай-мұра қазынысымен таныстық, Абай  даңқын аспандатқан ұлы перзенттері туралы мағлұмат алдық.  Экспозициядағы  заттар мен көріністер Абай Құнанбаев  туралы мол хабар беріп, келушілерді үнемі қызықтыруда. Біз қаламыздың мұражайларын мақтаныш етеміз.