«Цифрлық Қазақстан -2019» ІТ-форумы » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
20
қараша
2019

«Цифрлық Қазақстан -2019» ІТ-форумы

2019 жылғы 15 қазан күні «Цифрлық Қазақстан -2019» ІТ-форумы аясында өткен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Инвестициялық орталық алаңында мектеп оқушылары өздерінің Start Up  жобаларын қорғады. 20 қарашада үздік Start Up  жобалардың қорытындысы шығарылып, марапаттау рәсімі өтті. Оқушылар ұсынған 15 жоба облыс әкімінің грантына лайық деп танылып, ақшалай сертификатпен және дипломмен марапатталды.  «Үздік  Start Up»   жобалары байқауының қатысушысы гимназиямыздың 11-сынып оқушысы Маулетов Әлішер, ғылыми жетекшісі Баяхметова Шынар Султановна  «Мәдениет саласындағы Үздік жоба» номинациясы бойынша «Теңге алу» ойынының компьютерлік үлгісі» жобасымен марапатталды. Гимназиямыздың 11-сынып оқушысы Толеуғазы Алема, ғылыми жетекшілері Отеулинова Фарида Закарьяновна, Мұқанов Әлем Мақсатұлы «Өнеркәсіп саласындағы Үздік жоба» номинациясы бойынша «Сандық бағдарламалық басқаруы бар станок» жобасы үшін марапатқа ие болды. Оқушыларымызды және жоба жетекшілерін  жеңістерімен құттықтаймыз!