«Кітап оқып, рухани бай бол!» сайысы. » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » «Кітап оқып, рухани бай бол!» сайысы.
15
қаңтар
2020

«Кітап оқып, рухани бай бол!» сайысы.

«Кітап оқып, рухани бай бол!» сайысы.


«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Білімнің салтанат құруы» бағытының негізгі міндеттерінің бірі - азаматтардың білім деңгейін арттыру болып табылады. 

«Кітап оқып, рухани бай бол!» атты шығармалар үзінділерін мәнерлеп оқудан байқау жарияланды.

Байқаудың  мақсаты: Оқу мәдениетін дамыту және қолдау, халық арасында үздік көркем әдеби шығармаларын кеңінен тарату.

Міндеттері:

  • Оқитын азаматтардың санын көбейту.
  • Оқу мәдениетін қалыптастыру;
  • Қазақ және шетел жазушыларының үздік шығармаларын насихаттау.

Бірінші кезең – әлеуметтік желілердегі эстафета. Қатысушы шығармадан үзінділерді мәнерлеп оқып, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсенің аккаунттарын белгілеп, фейсбукқа https://www.facebook.com/ruhani.kz немесе инстаграмдағы https://www.instagram.com/ruhkz/ жеке парақшаларына орналастыруы қажет, сондай-ақ байқаудың арнайы хештэгтерін #RuhaniJangyry #KitapOqypRuhaniBaiBol пайдалану керек.

Екінші кезеңге әлеуметтік желілерде ең көп лайк пен репост жинаған қатысушылар өтеді. Олар үшін «Меломан», «Марвин» өңірлік кітап дүкендерінің бірінде немесе ұйымдастырушы айқындаған басқа орында көркем кітаптарды терең ұғынуға бағытталған пікірталас ұйымдастырылады.

Қазылар алқасынан алған ұпайларына сай үздіктер ақтық кезеңге өтеді.

        Осы орайда біздің мектебімізде де байқау жалғасын табуда. Байқауға  әр сынып оқушылар қатыса алады.