Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін тәрбиелеу. » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін тәрбиелеу.
30
қаңтар
2020

Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін тәрбиелеу.

Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін тәрбиелеу.

Мақсаты:  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін қалыптастыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаның  еркін сөйлеуіне, еліне, жеріне  деген өз ой - пікірлерімен бөлісуге жағдай жасау, өз еліне  адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тақырыптық слайд, бейнебаян.

«Сыбайлас жемқорлық» - латын тілінен аударғанда «параға сатып алу», «пара» -деген түсінік береді, құқыққа қарсы іс – әрекет деген мағынада айтылған. Ал, орыс тілінде  түсіндіретін болсақ сыбайлас – жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы деп айтамыз.

Қарапайым сөзбен жеткізетін болсақ қоғамдағы лауазымдық өкілеттілікті асыра пайдалану, билік өкілдерінің лауазымдық дәрежелерін арттыру мақсатында немесе қызмет барысында жеке бастың қамы үшін сенімнен шығу, сеніп тапсырылған мүліктерді ұрлау және иелену, біле тұра өтірік айғақ көрсету, куәларды, жәбірленушілерді немесе сарапшыларды сатып алу, сот шешімдерін, үкімдерін және басқаларды лауазымдық тұлғалардың орындамауы, сыбайласқан байланыстарды қолдау жиі кездеседі. Бұл заңға қарсы әрекет жасау дегенді білдіреді.

Шәкәрім атамыз адалдық туралы:

Мақтан үшін мал жима,жан үшін жи.

Ғибадат пен адалдық ар үшін жи -  дегендей бақыттың өзі адалдықпен келеді.

            Ендігі кезекте сыбайлас жемқорлық туралы сендердің білімдеріңді байқап көрейік.

Балалар сендер білесіңдер ме?

  1.  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қашан қабылданды? 2.07.1998 жыл
  2. “Сыбайлас-жемқорлық” деген не? (“Сыбайлас - жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді.)
  3. ҚҰҚЫҚ деген не ? (мемлекет орнатқан және оның күшiмен қорғалатын, жалпыға бiрдей қоғамдық қатынастарды реттейтiн тәртiп ережелерiнiң (нормалардың) жиынтығы.)
  4. Заң деген не?  (мемлекеттiң ең жоғарғы басқарушы органының шығарған, қабылдаған ең жоғары күшi бар нормативтiк кесiм. Барлық заңдар және заңға тәуелдi нормативтiк кесiмдердiң Конституцияға сәйкес болуын Заңның үстемдiгi дейдi.)
  5. Қылмыстық Кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген  адамға бұрын жасаған заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін сомасы   немесе құны неше айлық есептік көрсеткіштен аспайтын болса қылмыстық жауапкершілікке жатпайды? (2 айлық есеп)
  6. Пара беру дегеніміз не? (қандай да бір коммерциялық келісімге келу үшін немесе жеке пайдасы үшін жасалған ынталандыру немесе марапаттау.)
  7. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін қандай жауапкершілік көзделген?  (Сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін жазаның түрі мен мөлшері жасалған қылмыстық әрекеттің қауіптілік деңгейі мен келтірілген залалына байланысты болады. Мәселен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі)
  8. Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн қашан жарияланды? (2003 ж 9 желтоқсан)
  9.  “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы”   заң қашан қабылданды? (18 .11. 2015 жыл)
  10. БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Конвенциясы қашан қабылданды? (31.10.2003ж.)

Олай болса, келесі кезеңге көшсек, бұл кезеңде алдарыңызда тұрған қағазға өз топтарыңыздың аттарыңызбен қорғай алатындай шағын газет шығарымыз, сыбайлас жемқорлықты суреттей отырып.

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына орай , сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілді. Аталмыш заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамсыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тоқсауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі. 

Осындай келеңсіз құбылыстармен бітіспес күрес жүргізу тек сот,құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы. Мемлекеттік органдарда жұмыс жасайтындардың өзгенің тағдырына, жұмысына деген немқұрайдылығы, тоңмойын шенеуініктердің тойымсыздығы, қарапайым анықтама алуы үшін шеті мен шегі жоқ кезек көптеген азаматтар мемлекеттік қызметкерлерді пара алуға өздері арандатады. Өйткені халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімділік жетіспейді. Сол себепті де мұндай ауыр кеселді тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен жеңе алмаймыз. Жемқорлықпен күресуді бүкіл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады. 

Сайысымыздың келесі кезеңіне өтеміз.

5 мақал-мәтел қоямын, соның жалғасын табуларыңыз керек. 


«Талап» тобына қойылатын мақал-мәтел:


Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды, 
 (Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды.) 


Әдепті бала – арлы бала,( әдепсіз бала – сорлы бала. )
 
 

Балапан ұяда не көрсе,
 (Ұшқанда соны алады.
 )


Ағаштан ағаш сәнін алады, 
 (Адамнан адам тәлім алады.)


Тәрбиелі адам (тағаланған атпен тең.)


«Адал» тобына қойылатын мақалдар:


Адалдық — ардың ісі.(Ауырды көтеру-нардың ісі)


Адалдық жүрген жерде, (адамдық жүреді.)


Ағын су жолын табады, (ақ адам оңын табады)


Арамдықты адалдық жеңеді, (жамандықты адамдық жеңеді)


Ақыл — жас ұланнан,

(Жүйрік — тай құнаннан.)
 
 

«Білім» тобына қойылатын мақалдар:


 
Өз білмегеніңді кісіден сұра,(Үлкен жоқ болса кішіден сұра.)


Білім гауһар, бағасы жоқ. (Надандық кесел, дауасы жоқ.)


Ақыл - тозбайтын тон,(Білім – таусылмайтын кен.)


Оқу - білім бұлағы, (Білім - өмір шырағы.)


Білімдіге дүние жарық, (Білімсіздің күні қаріп.)


Әр топ өздерінің жауаптарына қарай тиесілі ұпайларын жинады. Сабағымызды қортындылай келе қай топтың алдыға шығып жүлдегер атанғанын білейік (қортындылау).


Қазақ елі байтақ болсын десеңіз,
 Жемқорлықтың жолын бірге кесеміз,
 Сонда ғана жер гүлденер,ел байып,
 Сонда ғана шарықтаймыз,өсеміз.
 
 Егеменді өсер елде тұрам Мен,
 Білдіремін сезімімді жыр-әнмен.
 Жолыменен Елбасының жүрейік,
 «Жемқорлыққа жол жоқ»-деген ұранмен.

Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсатты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар .