Материалы за 13.11.2025 » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
"Толеранттылық - бейбіт қоғамның негізі" атты эссе байқауы.
13
қараша
2025
"Толеранттылық - бейбіт қоғамның негізі" атты эссе байқауы.
Бүгін гимназия парламентінің "құқық фракциясы" оқушыларының  ұйымдастыруымен 9–10 сынып оқушылары арасында «Толеранттылық – бейбіт қоғамның негізі» атты эссе байқауы өтті. 💫 Байқаудың мақсаты – оқушылардың бойында өзге ұлт өкілдеріне, түрлі көзқарастар мен дәстүрлерге құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, адамгершілік пен өзара түсіністік құндылықтарын дәріптеу. Қатысушылар толеранттылықтың мәнін өз ой-толғаныстары арқылы терең ашып, бейбітшілік пен келісімге шақыратын мазмұнды эсселерін
10 “А” сынып оқушыларының  ІІ- тоқсан бойынша ата-аналар жиналысы өткізілді.
13
қараша
2025
10 “А” сынып оқушыларының ІІ- тоқсан бойынша ата-аналар жиналысы
10 “А” сынып оқушыларының  ІІ- тоқсан бойынша ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде: 1. Оқу үлгерімі мен тәртібі туралы ақпарат. – 1-тоқсан қорытындысы бойынша оқу жетістіктері. – Екінші тоқсандағы оқу бағдарламасының ерекшеліктері. – Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс барысы. – Пән мұғалімдерінің қысқаша пікірлері (қажет болса).  Жиналыс барысында ата-аналар өз пікірлерін айтып, ұсыныстарын білдірді. Сынып жетекші: Рақымбек Торғын Қуатқызы
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өткізілген «Еңбек. Кәсіп. Махаббат» атты байқауы
13
қараша
2025
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өткізілген «Еңбек.
«Әке еңбегі — балаға үлгі!» 8 «В» сынып оқушысы Шалқар Раяна «Еңбек. Кәсіп. Махаббат» байқауы аясында әкесі Мамаев Шалқар Сагатовичтің жұмыс орнында болып, оның кәсібінің қыр-сырын өз көзімен көрді. Семей қаласындағы Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық әлемі жас ұрпаққа нағыз шабыт сыйлады! 🌟 Сынып жетекшісі: Нұрланқызы Гүлім    https://www.instagram.com/reel/DRAXa_SgPu6/?igsh=MWs4dThoMWp2YTBkMA==
«Ақша тарихы мен болашағы: ұлттық валюта және заманауи қаржы мәдениеті»
13
қараша
2025
«Ақша тарихы мен болашағы: ұлттық валюта және заманауи қаржы
Әділбеков Әлібек Талғатұлы, Қазақстан Ұлттық Банкінің Абай облысындағы филиалының жиынтық-экономикалық бөлімінің бас маман-экономисі. Кездесу барысында ол және әріптестері Ұлттық Банктің негізгі бағыттары, ақша-несие саясаты, инфляцияны реттеу тетіктері және қаржы секторының даму ерекшеліктері туралы көп нәрсе айтып, қатысушылардың көкейінде жүрген сұрақтарына жан-жақты жауап берді. Сонымен қатар, олар банк жүйесінің қазіргі жағдайы мен болашақтағы жоспарлары жөнінде пайдалы ақпараттармен
Жоспарға сәйкес кезекті мектеп асханасының жұмысымен танысу
13
қараша
2025
Жоспарға сәйкес кезекті мектеп асханасының жұмысымен танысу
12 қараша күні Касимова Айгуль Оралғазықызы  гимназиямыздың Қамқоршылық кеңесінің мүшесі жоспарға сәйкес кезекті мектеп асханасының жұмысымен танысып шықты.    Күнделікті тамақтану сапасын бақылау, оқушылардың қауіпсіздігі мен дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету – мектептің басты назарындағы мәселе.     Осы мақсатта кеңес мүшесі ас мәзірімен, санитарлық жағдаймен және қызмет көрсету сапасымен танысып, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.       Мұндай жұмыстар ата-ана мен мектеп арасындағы ашықтық пен
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Балалар кітапханасы» жобасына аясында «Ұлттық құндылықтар» айлығы
13
қараша
2025
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Балалар кітапханасы»
«Ұлттық құндылықтар» айлығы аясында  10 «Ә» сынып оқушылары — «Бірге оқимыз!» тақырыбында ерекше үлгі көрсетті.   Олар бастауыш сынып оқушыларына ертегі оқып беріп, кіші буынға қамқорлық пен үлгі көрсету арқылы ұлттық тәрбиенің маңызды бір қырын танытты.   Бұл шара оқушылар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып, үлкен мен кішінің арасындағы байланысты нығайтты.   Жоғары сынып оқушылары өздерінің жылы сөзімен, көркем оқу шеберлігімен кіші сынып оқушыларының жүрегінен орын алды.  
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өткізілген «Еңбек. Кәсіп. Махаббат» атты байқауы
13
қараша
2025
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өткізілген «Еңбек.
«Ана еңбегі — табандылық пен арманның негізі!»   9 «Б» сынып оқушысы Асқарова Амира «Еңбек. Кәсіп. Махаббат» байқауы аясында анасы Темиржанова Айгерімнің жұмыс орнында болып, еңбекке деген шынайы құрметтің куәсі болды.   Анасының өз ісіне жауапкершілікпен қарауы мен табандылығы Амираға үлгі болып, оның болашаққа деген көзқарасын өзгертті. Бұл тәжірибе еңбекке деген сүйіспеншілік пен алға ұмтылуға шабыт берді. 🚀 Сынып жетекшісі: Шидербаева Айгерим Толеугазыевна 
Астана қаласындағы Maqsut Narikbayev Университетінің өкілдері кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.
13
қараша
2025
Астана қаласындағы Maqsut Narikbayev Университетінің өкілдері кәсіби
13 қараша күні 11-сынып оқушыларымен Астана қаласындағы Maqsut Narikbayev Университетінің өкілдері кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға университеттің артықшылықтары мен оқу мүмкіндіктері жайында жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, қызықты ойындар ұйымдастырылып, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы арттырылды. Университет өкілдері жастарға студенттік өмірді тиімді әрі мазмұнды өткізу жолдарын ұсынды, болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар берді.