Материалы за 27.11.2025 » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
"Тағылымды тәлімгер-жас маманның зергері"  байқауының облыстық кезең жеңімпазы
27
қараша
2025
"Тағылымды тәлімгер-жас маманның зергері" байқауының облыстық кезең
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 🎉 “Тағылымды тәлімгер – жас маманның зергері” облыстық байқауында III орын иеленген Қалибекова Ақмарал және оның тәлімгері Аяулым Сериковнаны мақтанышпен құттықтаймыз! Бұл байқаудағы жетістік – жас маманның ынтасы мен тәлімгердің тәжірибесі тоғысқанда, шынайы нәтиже пайда болатынының жарқын дәлелі. Бүгінгі марапат – ертеңгі биіктердің бастамасы ғана! Еңбектеріңіз жана берсін, шығармашылық серпіндеріңіз тоқтамасын!
Республикалық лингвистика олимпиадасының облыстық кезеңінен жүлделі  ІІІ орын жеңімпазы
27
қараша
2025
Республикалық лингвистика олимпиадасының облыстық кезеңінен жүлделі
8-11 сынып оқушыларына арналған лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасының облыстық кезеңінен мектебіміздің 10 "Б" оқушысы Бейсембекова Айса ІІІ -орын иеленді. Жетекшісі ағылшын тілі пән мұғалімі- Қасықпаева Динара Махмұтхановна. Айсананы осы жетістігімен құттықтаймыз. Келешекте де үлкен жетістіктерге жетеуіне тілектеспіз.
Бастауыш сынып  бірлестігі онкүндігі аясындағы ашық сабақ
27
қараша
2025
Бастауыш сынып бірлестігі онкүндігі аясындағы ашық сабақ
26.11.2025 жылы "Шәкәрім атындағы көпбейінді 5-гимназиясы" Бастауыш сыныптың 4"А"сыныбында Әдебиеттік оқудан,Lesson Sfudy зерттеу сабағының екінші сабағы болды.Сабақтың тақырыбы:"Ата-баба салтын құрметтейміз".Сабақты сынып мұғалімі Жанна Муслимовна өте жоғары деңгейде өткізді.Оқушылар сабаққа белсенді қатысып отырды
“Сіз кім үшін жұмыс жасайсыз?” – жүректі жылытқан челендж
27
қараша
2025
“Сіз кім үшін жұмыс жасайсыз?” – жүректі жылытқан челендж
“Сіз кім үшін жұмыс жасайсыз?” – жүректі жылытқан челендж 💛 Бүгін гимназия Парламенті ерекше мағынасы терең, жүрекке жылы тиетін челендж ұйымдастырды. Ұстаздарымыз бұл сұраққа өте шынайы жауап берді. Олар: “Мен кім үшін жұмыс жасаймын?” дегенде телефондарына қарап, экраннан балаларын көрсетті. 📱 Сол сәтте олардың көзіндегі жылы сәуле, балаларына деген махаббат, еңбек етудің басты себебі – бәрі анық байқалды. Бұл челендж бізге бір маңызды нәрсені тағы бір еске салды: Әр жетістік пен әрбір
Бастауыш сынып  бірлестігі онкүндігі аясындағы  ашық сабақтар
27
қараша
2025
Бастауыш сынып бірлестігі онкүндігі аясындағы ашық сабақтар
26.11.2025 ж. Бастауыш бірлестігінің ашық сабақтары  🔹4 “В” сыныбында математика пәнінен “Үш таңбалы сандарға көбейту және бөлу алгоритмі” тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқушылар белсенділігі жоғары болып, әртүрлі жұмыс түрлері арқылы білімдерін тереңдетті.  Сынып жетекшісі: Шаймарданова Г.Е. 🔹1 «Ә» сыныбында жаратылыстану пәнінен «Дұрыс тамақтану» тақырыбында мазмұнды ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар пайдалы және зиянды тағам түрлерін ажыратып, дұрыс тамақтанудың адам денсаулығына
4-сынып оқушылары арасында “Математикалық QUIZ” сайысы
27
қараша
2025
4-сынып оқушылары арасында “Математикалық QUIZ” сайысы
26.11.2025 ж. 4-сынып оқушылары арасында математикадан қызықты QUIZ сайысы өтті!  Сайыс барысында оқушылар логикалық тапсырмаларды шешіп, жылдам ойлау, дұрыс шешім қабылдау және топпен жұмыс жасау дағдыларын көрсетті. Балалардың белсенділігі, өз білімдеріне деген сенімділігі мен ынтасы ерекше әсер қалдырды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз, ал барлық қатысушыларға алғыс айтамыз!