Материалы за 04.12.2025 » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
Халықаралық еріктілер күніне орай “Мейірімді жүрек” акциясы
04
желтоқсан
2025
Халықаралық еріктілер күніне орай “Мейірімді жүрек” акциясы
Халықаралық еріктілер күніне орай “Мейірімді жүрек” акциясы бойынша гимназияның Өзін-өзі басқару ұйымының “Қамқорлық” фракциясы мүшелері бірқатар ізгі істер атқарды. Олар мектебіміздің кіші қызметкерлеріне көмектесіп, мейірімділік пен жанашырлықтың үлгісін көрсетті. Мақсаты: Оқушылар арасында еріктілік мәдениетін дамыту, мейірімділікке тәрбиелеу, қоғамға пайдалы болу дағдыларын қалыптастыру және қоршаған ортаға жанашырлық танытуға ынталандыру. Жетекші: Акимова
"16 күн зорлық-зомбылықтың алдын алу" акциясы аясында
04
желтоқсан
2025
"16 күн зорлық-зомбылықтың алдын алу" акциясы аясында
"16 күндік зорлық-зомбылықтың алдын алу" акциясы аясында 6,10  сынып оқушылары арасында  "Отбасындағы жанжал мен зорлық-зомбылықтың алдын алу" тақырыбында тренинг өтті. Мақсаты: түсіністік пен құрметке негізделген қарым-қатынас.  Эмоциялық қысым мен зорлық- зомбылықтың бала психологиясына әсері. Алдын алу бойынша бірнеше жаттығулар жасалынды.
Суреттен мақалды тап
04
желтоқсан
2025
Суреттен мақалды тап
Өзін-өзі басқару ұйымы ұйымдастырған «Суреттен мақалды тап» ойыны бүгін ерекше көңіл-күй сыйлады. 📚✨ Оқушылар да, ұстаздар да өз білімін сынап, ұлттық құндылыққа толы мақал-мәтелдердің сырын сурет арқылы тапқырлықпен ашты. Әрбір қатысушының көзіндегі қызығушылық, жылдам ойлау қабілеті мен бір-біріне деген қолдауы — осы шараның ең басты жетістігі болды. Ұлттық сөз өнерін ұлықтап, ой-өрісті дамытатын мұндай ойындар алдағы уақытта да жалғаса бермек.
Кітап оқу челленджі
04
желтоқсан
2025
Кітап оқу челленджі
Бүгін гимназия парламентінің ұйымдастыруымен «Кітап оқу челленджі» өтті.  Челлендждің негізгі мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту және оқу мәдениетін қалыптастыру. Қатысушылар өз таңдауларындағы кітаптарды оқып, алған әсерлерімен бөлісіп, бір-біріне жаңа туындыларды ұсынды. Бұл оқушылардың сөздік қорын байытып, сыни ойлауын дамытуға, қиялын тереңдетуге және өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыруға ықпал
Минутқа оқу челленджі
04
желтоқсан
2025
Минутқа оқу челленджі
Бүгін гимназияның бастауыш сыныптарында «Минутқа оқу» ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты – кішкентай оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту, оқу дағдысын қалыптастыру және мәтінді түсініп оқуға баулу. «Минутқа Оқу» барысында оқушылар қысқа әңгімелер мен ертегілерден үзінділер оқып, бір-бірімен қызықты ойларымен бөлісті. Мұндай шағын әрі пайдалы сәттер балалардың зейінін дамытуға, сөздік қорын байытуға және оқу мәдениетін ерте жастан қалыптастыруға үлкен мүмкіндік береді.  Бұл іс-шара
Семей медицина университетінің дәрігер мамандарының кәсіби бағдар беру кездесуі
04
желтоқсан
2025
Семей медицина университетінің дәрігер мамандарының кәсіби бағдар
Бүгін мектебімізге Семей медицина университетінің дәрігер мамандары келіп, 9–11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын өткізді. Кездесу барысында мамандар медицина саласындағы негізгі бағыттар, оқу мүмкіндіктері, қабылдау талаптары және дәрігер мамандығының ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Оқушылар мамандардан өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, медицина саласына байланысты болашақ кәсіби бағыттарын айқындауға пайдалы мәліметтер алды. Бұл кездесу оқушылардың кәсіби
"Қоғамдық мүлікті қорға" атты тәрбие сағаты
04
желтоқсан
2025
"Қоғамдық мүлікті қорға" атты тәрбие сағаты
Гимназиямызда "Қоғамдық мүлікті қорға" атты тәрбие сағаты өтті. Қоғамда тәртіп сақтау – әр адамның, соның ішінде әр оқушының маңызды міндеті. Тәртіп — өзара құрмет, жауапкершілік және дұрыс әрекет жасаудан басталады. Біз мектепте де, көшеде де ережелерді сақтасақ, барлығына қауіпсіз, жайлы және достық орта қалыптасады. Әркім өз ісіне ұқыпты болып,қоғамға пайда тигізсе – тәртіп те, татулық та нығаяды.
Құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған деректі фильмдер көрсетілді
04
желтоқсан
2025
Құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған деректі фильмдер көрсетілді
2025 жылдың 04 желтоқсанында гимназия оқушыларына  жастар арасында кеңінен таралып отырған нашақорлыққа қарсы іс-қимыл, алкогольді ішімдіктерді тұтынудың зиянды әсерін түсіндіру, құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу, заңсыз қаржылық әрекеттерге, соның ішінде "дропперлікке" қарсы күрес, буллинг пен кибербуллингтың алдын алу, жалпы құқықтық мәдениетті арттыру және жауапкершілікті мінез-құлықты  қалыптастыру мақсатында деректі фильмдер көрсетілді.
М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж өкілдерімен кәсіби бағдар беру бойынша кездесу
04
желтоқсан
2025
М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж өкілдерімен кәсіби бағдар
4 желтоқсан күні гимназиямызға Семей қаласындағы М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж өкілдері келіп, 9-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында колледждің мамандықтары, оқу мүмкіндіктері және түсу талаптары туралы ақпарат берілді. Оқушылар сұрақтарына жауап алып, болашақ мамандық таңдау бойынша пайдалы мәліметтерге ие болды. Ұйымдастырушы: педагог-кәсіби бағдар беруші Акимова Ажар Мадьярықызы     https://www.instagram.com/reel/DR1jK2QjNfr/?igsh=YnlneDhhbmVzYWs4