Ұлттық ойын - ұлт қазынасы!
Адал Азамат бағдарламасы шеңберінде оқушылар арасында ұлттық ойындар сайысы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында адалдық, әділдік, бірлік сияқты құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ ұлттық дәстүрлерді дәріптеу. Оқушылар асық ату, арқан тартыс, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойын түрлерінде бақ сынасып, өз ептіліктері мен шеберліктерін көрсетті. Іс-шара достық атмосферада өтіп, қатысушылар ұлттық мәдениетке деген қызығушылықтарын арттырды.