«Бастау» республикалық математикалық олимпиадасының мектепішілік
Бүгін гимназиямызда 2–4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» республикалық математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді. Олимпиаданың негізгі мақсаты – бастауыш сынып оқушылары арасынан математикалық қабілеті жоғары дарынды балаларды анықтау, қолдау және олардың білім көкжиегін кеңейту. Аталған олимпиадаға барлығы 24 оқушы қатысып, өздерінің білім деңгейі мен логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті. Қатысушыларға сәттілік тілейміз, алдағы додада жеңісті күндер көп болсын!