“Қош бол, құтты Әліппе!” атты ертеңгілік
1 ”А” сыныбында «Қош бол, құтты Әліппем!» атты ертеңгілік өтті. Бастауыш сынып оқушылары үшін ұйымдастырылған бұл тағылымды шарада бүлдіршіндер Әліппеден алған білімдерін өлең, ән, көріністер арқылы көрсетті. Ертеңгілік өте әсерлі, мазмұнды әрі көтеріңкі көңіл күйде өтті. Оқушылар алғашқы оқулығымен қоштасып, білімнің жаңа белесіне қадам басты. Барша оқушыларды алдағы оқу жолында сәттілік тілейміз! Сынып жетекшісі: Нурахметова Жанар