2022-2023 оқу жылына бос орындарға және уақытша бос орындарға конкурс өтетіні туралы хабарлайды!! » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » 2022-2023 оқу жылына бос орындарға және уақытша бос орындарға конкурс өтетіні туралы хабарлайды!!
10
тамыз
2022

2022-2023 оқу жылына бос орындарға және уақытша бос орындарға конкурс өтетіні туралы хабарлайды!!

🗣️Қайырлы күн, құрметті достар!
👩‍🏫Мектебімізде бос вакансия!
Егер Сіз білімді де, білікті маман болсаңыз біз Сізді күтеміз!

«Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия» мемлекеттік мекемесі бос лауазымдар және уақытша бос лауазымдарға  10-17 тамыз аралығында конкурс жариялайды.

🗓️Конкурстың өткізілу күні: 
📆18.08.2022 жыл
⏰10.00
Семей қаласы,  Байтұрсынов көшесі 38. Рухани жаңғыру залы
Байланыс нөмірі:
📧Vko_semey_gim5@mail.ru
☎️+7-7222-32-84-54

Бос лауазымдар атауы:
🔴Тарих пәні мұғалімі – 1 орын
🔴Математика пәні мұғалімі – 1 орын
🔴Дене шынықтыру пәні мұғалімі – 1 орын
🔴Тәлімгер-1 орын
🔴Менеджер-1 орын

Уақытша бос лауазымдар атауы:
🔴Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары -1орын
🔴Педагог-психолог – 1 орын
🔴Ағылшын тілі пәні мұғалімі – 1 орын

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білім.

Конкурсқа қатысу үшін  қажетті құжаттар тізбесі:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығының  10-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020  жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)
10) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығының  11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.