22
қыркүйек
2022
Мектеп парламенті Президенті сайлауының қорытындысы.
Жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жeтілдіруге деген құштарлық, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында "Өзін-өзі" басқару ұйымының президентін, "Адал ұрпақ" ұйымы президентін және "Жас ұлан" ұйымының Ұланбасшысын сайлау мақсатында мектеп тәлімгері Төребекова Талшынның ұйымдастыруымен 5-11 сынып оқушылары арасында мектеп парламенті президентінің сайлауы өтті.
Сайлауға жалпы 442 адам қатысты, 436 сайлау парағы жарамды, 6 сайлау парағы жарамсыз деп танылды.
Мектеп парламенті Президенті сайлауының қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинаған 10 «Ә» сынып оқушысы Асан Нұрасыл Асхатұлы Мектеп парламенті Президенті болып сайланды. Құттықтаймыз!