Мектеп қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын- алу сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарлама » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » Мектеп қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын- алу сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарлама
02
қыркүйек
2022

Мектеп қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын- алу сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарлама

 «Шәкәрім атындағы  көпбейінді № 5 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


2022-2023 оқу жылы


.


Мектеп қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын- алу сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және тәрбиелеу механизмдерін әзірлеу және іске асыру жолымен жүзеге асырылады.

Негізгі ұғымдар мен ережелер

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұжырымдама - бағдарламаларды жоспарлауды жүзеге асырудағы іс-қимыл стратегиясын айқындайтын басты ойы; әлемдегі, қоғамдағы сыбайлас жемқорлық құбылыстарына көзқарастар жүйесі; идеяның өзектілігі. Негізін кұрайтын ұран - «Бәріміз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз».

Сыбайлас жемқорлық білім саласында - бұл жеке пайда көру үшін қызметтік жағдайын пайдалану, бұл білім алуға, оның сапасына, әділдігіне, зияткерлік адалдыққа барынша ықпал етеді.

Қазақстандық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы этика мен

мәдениеті «Мәңгілік ел», «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел - өркендеуші мемлекет» идеологияларынан, Адам, Еркіндік, Ынтымақтастық, Болашаққа талпынушылық секілді әмбебап құндылықтардың және «Заң», «Әділдік», «Тең құқықтық» секілді іргелі ұғымдардың төңірегінде құрылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғау, заңдылықты, құқықтық тәртіпті жэне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл міндеттерін, негізгі қағидаларын және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу шараларын айқындайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет - сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «нөлдік» шыдамдылық ортасын құру - мектеп жасынан бастап білім берудің барлық деңгейінде қалыптасуы тиіс.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қағидаттары: құқықтық регламентация, жүйелілік, жалпылық, ашықтық, жариялылық, есептілік және бақылау.







Бағдарламаның мақсаты

Бүкіл мектеп қоғамдастығын сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «нөлдік» шыдамдылық ортасын қүру жолымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту. Негізгі бағыты - сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды жою.

Міндеттері:

сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас пен мәдениетті қалыптастыру;

- өзін-өзі түсіну және құқықтық мәдениет деңгейін көтеру, қызметтік құқықтық және рухани-этикалық аспектілерін зерттеу.

сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәселелері бойынша ағартушылық жұмыстар жүргізу.

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған құқықтық, экономикалық, тәрбиелеуші, ұйымдастырушылық және өзге де шараларды қамтамасыз етуші кешенді іс-шараларды әзірлеу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мақсаты

Құнды бағдарларды тәрбиелеу және жастардың азаматтық ұстанымын, сыбайлас жемқорлыққа қатысты жауаптылығын қалыптастыруға қажетті қабілеттіліктерін дамыту.

Міндеттері:

сыбайлас жемқорлық құбылысымен, мәнімен, себептерімен, салдарымен таныстыру.

сыбайлас жемқорлық көріністеріне шыдамсыздықты ынталандыру;

сыбайлас жемқорлықпен күресу мүмкіндіктерін көрсету;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны іске асыруға өз үлесін қосу. Міндеттерді іске асыру үшін білім берудің барлық салалары жүйелі түрде күш салуы қажет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен іс-әрекетті қалыптастыру нәтижесі

- азаматтардың сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен мемлекетке келтіретін қауіпін түсінуі;

- жемқорларға деген кері көзқарас және жемқорлық іс-әрекетті қабылдамау болып табылады.

Осы бағыттағы сабақ және сабақтан тыс қызметтен күтілетін нәтижелер:

- білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы адамгершілікті - құқықтық мәдениеті өскелең ұрпақтың рухани адамгершілікті құндылықтарының бірі ретінде;

- 2020 ж. қарай білім алушылардың құқықтық сауаттылығын 80%-ға дейін арттыру.