Республика бойынша тұңғыш рет Назарбаев зияткерлік мектебінің базасында "Мектеп командасы. Тиімді басқару және білім сапасы" курсы өіп жатыр » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » Республика бойынша тұңғыш рет Назарбаев зияткерлік мектебінің базасында "Мектеп командасы. Тиімді басқару және білім сапасы" курсы өіп жатыр
13
желтоқсан
2022

Республика бойынша тұңғыш рет Назарбаев зияткерлік мектебінің базасында "Мектеп командасы. Тиімді басқару және білім сапасы" курсы өіп жатыр


Республика бойынша тұңғыш рет Назарбаев зияткерлік мектебінің базасында өтіп жатқан "Мектеп командасы. Тиімді басқару және білім сапасы" курсына мектеп директоры А. Аубакирова, мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар бойынша орынбасары Н. Мұқанова, ағылшын тілі кафедрасының жетекшісі М. Сағындықова қатысып, с. Білім берудегі замануи трендтер арқылы білім сапасын арттыру, мектеп командасын құру туралы облыс мектептерінің командалары тәжірибе алмасуда.

Білім беру трендтерінің бірі болып табылатын - командалық жұмыс кез-келген мәселені тиімдірек шешуге, сондай-ақ жобаларды тезірек және нәтижелі іске асыруға және алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Мектебімізде құрылған мұғалімдер командасы, белгіленген сыныпта оқушылармен командалық жұмыс жобасын жоспарлап, іске асырды.

Өткізілген сабақ барысында бірлескен жұмыстар оқу процесінің барынша нәтижелі болуына мүмкіндік берді: команда мүшелері бір-бірінен үйренді, тапсырманы орындаудың жаңа жолдарын қолданды. Командалық жұмыс процесінде өзара сыйластық, өзара қолдау, өзара түсіністік сияқты коммуникативтік дағдылар дамыды, жанжалды жағдайларды шешу, жұмыстың түрлі стильдеріне бейімделу қабілеті жетілдірілді, ойлау мен мінез-құлқы дамыды.
Бiлiм беру саласындағы командалық жұмыс жобасының стратегиясын iске асырудың түрлi жолдары қолдандылды. Атап айтатын болсақ: әлеуметтiк желiлердi пайдалану, аралас оқыту технологиялары, «төңкерілген сынып» әдiсі, оқушылар арасында тәжiрибе алмасуға негiзделген сабақтар, жобаға негізделген оқыту, ашық ақпарат көздерiн пайдалана отырып оқу, пәнаралық оқу және т. б. Командалық жобаны іске асыруда білім сапасы - оқу үрдісінде білім алушы жеке тұлғаның талаптарына сәйкестік дәрежесін көрсететін көрсеткіштер жиынтығы екендігі назарда ұсталынды. Осы орайда команданың 7 сыныптардағы жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша білім сапасын көтерудегі жоба жұмысы зерттеліп, зерделенді.