ҰБТ-2023: Жаңа формат қандай? » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
06
наурыз
2023

ҰБТ-2023: Жаңа формат қандай?

ҰБТ 2023 жылы 5 рет өткізіледі:
  • ақылы ҰБТ – қаңтар, наурыз, тамыз айларында 3 рет;
  • грант байқауына арналған ҰБТ – мамырдан бастап маусымға дейін 2 рет
    Кімдер қатыса алады?
    • Биылғы мектеп түлектері – қаңтар, наурыз, тамыздағы және негізгі ҰБТ-ға;
    • өткен жылғы мектеп түлектері – наурыз, тамыздағы және негізгі ҰБТ-ға;
    • колледж түлектері – наурыз, тамыздағы және негізгі ҰБТ-ға;
    • қандастар – наурыз, тамыздағы және негізгі ҰБТ-ға;
    • шартты түрде оқып жатқан студенттер – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ-ға;
    • басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниетті шығармашылық мамандықтардың студенттері – қаңтар, тамыз айларындағы ҰБТ-ға;
    • ақылы негізде "педагогикалық ғылымдар" білім беру саласына ауысуға ниетті студенттер – қаңтар, тамыз айларындағы ҰБТ-ға қатыса алады.

  • ҰБТ форматы қандай?  
    • 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік);
    • барлық тест тапсырма саны – 120.
    • ең жоғары балл – 140;
    • тестілеудің жалпы уақыты: 4 сағат (240 минут).
  • Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларының мәндес бағыттарына оқуға түсуші колледж түлектеріне арналған ҰБТ форматы:
    • 2 пән (жалпы кәсіптік +арнайы);
    • тестілеудің жалпы уақыты – 2 сағат (120 минут);
    • тест тапсырмалар саны – 60. Жоғары балл саны – 70;
    • шекті балл – кемінде 25 балл, "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласына – кемінде 35 балл;
  • Әр пән бойынша шекті балл – 5 балл.