Жас тарихшылардың "Менің шағын Отаным" атты VI Республикалық зияткерлік конкурсы » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » Жас тарихшылардың "Менің шағын Отаным" атты VI Республикалық зияткерлік конкурсы
30
қазан
2023

Жас тарихшылардың "Менің шағын Отаным" атты VI Республикалық зияткерлік конкурсы

Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми орталығы ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында 29 қазан-1 қараша аралығында өткен жас тарихшылардың "Менің шағын Отаным" атты VI Республикалық зияткерлік конкурсында үздіктердің үздігі атану үшін Қазақстанның барлық облыстарынан 9-10 сынып оқушылары бәсекеге түсіп,бақтарын сынады.Конкурстың қалалық кезеңіне 8348 оқушы қатысып,ал облыстық кезеңге 1470 үміткер қатысты,88 үміткер Республикалық кезеңіне қатысты.Республикалық кезеңге Абай облысынан 4 номинация бойынша үміткерлер қатысып, соның ішінде "Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназия" КММ 10 "Ә" сынып оқушысы Әскер Нурай "Менің шағын Отанымның символы"номинациясында жүлделі ll орын және "Дарын"РҒПО-ң бағалы сыйлықтарымен марапатталса, 10 "Б"сынып оқушысы Ермұқан Айназ "Менің шағын Отанымның болашағы" номинациясы бойынша қатысып алғыс хатпен марапатталды.
Конкурс екі тур бойынша өткізілді.
I-тур -"Қазақстан тарихы"пәні бойынша тест тапсырмасы.
II-тур -"Менің шағын Отанымның символы" бойынша видеорепортаж және "Менің шағын Отанымның болашағы "номинациясы бойынша макет қорғады.Нурай мен Айназды жеңістерімен құттықтай отырып, жеңіске үлес қосқан ұстаздарға алғыс айтамыз!
Жетекшілері: Шидербаева А.Т., Исмагулова Э.Е