Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына вакансия » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына вакансия
07
ақпан
2024

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына вакансия

Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің

«Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы» КММ

директорының оқу ісі бойынша орынбасарының 

бос орнына конкурс жариялайды


Конкурс жарияланған лауазым атауы: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  КММ  директорының оқу ісі бойынша орынбасарының 0,5 штаттық бірлігі бос орыны. 

Конкурсты өткізу орны мен мерзімі: индекс 071410 Абай облысы, Семей қаласы, Байтұрсынов, 38 А көшесі. 

Құжаттарды қабылдау мерзімі 2024 жылғы 07 ақпаннан бастап, 21 ақпанды қоса алғанда.

Құжаттарды қарау мерзім 2024 жылдың 22-24 ақпан.

Байланыс телефоны: 8 (7222) 32-84-54

Электрондық мекен-жайы: Shakarim_shkola_semey@mail.ru , Shakarim_shkola_semey@mail.kz

Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің«Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім «Enbek.kz» сайтында, Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің мемлекеттік мекемесінің сайтында конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 15 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті берушіден өтінішті қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: 

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

және (немесе) білім беру ұйымының  "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші", немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.


Лауазымдық міндеттері: 

  1. Педагогикалық коллективтің ағымдағы және болашақтағы жұмыстарын жоспарлауды ұйымдастырады.
  2. Оқу процесіндегі  білімнің сапасын және  оқушылардың сабаққа дайындығының нәтижесінің әділ бағалануын,  әр түрлі үйірмелер мен факультативтерге қатысуын бақылайды.
  3. Оқу процесін жетілдіруде өз ұсыныстарын енгізеді.
  4. Оқу-әдістемелік жұмыстарын қорытындылайды.
  5. Жұмыстары нәтижелі  мұғалімдердің іс тәжірибелерін таратады.
  6. Педагог кадрларды аттестациялауға әзірлейді және өткізуге қатысады.
  7. Оқу кабинеттері мен зертханаларды қазіргі заманғы жабдықтауға, көрнекті құралдар  және техникалық құралдармен қамтамасыз етуді, кітапхана және әдістемелік кабинеттерді оқу әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыруды үйлестіреді.
  8. Математика, физика, информатика, тарих пәндерінің берілу сапасына басшылық жасайды. 
  9. Оқу үрдісі кезеңінде санитарлық гигиеналық талаптардың орындалуын қадағалайды.
  10. Қорытынды аттестациялауды әзірлеу және өткізу жұмыстарын        ұйымдастырады.
  11. Материалдық –техникалық базаның сақталуын қамтамасыз етеді:
  • информатика, компьютер, физика, интерактивті тақталар қойылған кластар.
  • электронды оқыту бойынша электронды журналдардың толтырылуына, мұғалім кадрлар жөніндегі ақпараттардың енгізілуіне басшылық жасайды.
  1. Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды, бұйрықтарды білуге, ҚР ІІБ экстремизимге қарсы күрес бөлімінің методикалық ұсыным хатын білуге және талаптарын сақтауға, ата-аналар мен оқушыларды таныстыруға міндетті. 

Бiлуге мiндеттi: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды. (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 191 қаулысы)

      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық немесе бейіні бойынша білім және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.


Құжаттар тізімі:

1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;

2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады.

9) жеке медициналық кітапшасы;

10) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

11) психиатриялық және наркологиялықдиспансерден анықтама;

Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы. Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

Азаматтық қызметке, басқару функцияларын орындаумен байланысты лауазымға тұру кезінде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады. 

Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.


Құжаттарды қабылдау мерзімі 2024 жылғы 07 ақпаннан бастап, 21 ақпанды қоса алғанда.

Құжаттарды қарау мерзім 2024 жылдың 22 ақпаннан бастап, 2024 жылдың 24 ақпанды қоса алғанда.


Ақпараттың дәлдігі үшін:

Мекенжай: Абай облысы,   Семей қаласы, Байтұрсынов көшесі,38 А

Байланыс  телефоны: 8 (7222) 32-84-54

Электрондық  мекен-жайы Shakarim_shkola_semey@mail.ru,  Shakarim_shkola_semey@mail.kz