9-11-сынып оқушыларымен мемлекеттік емтихан мен ҰБТ-ге дайындық кезеңінде өткізілетін психолого-педагогикалық шаралар » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » 9-11-сынып оқушыларымен мемлекеттік емтихан мен ҰБТ-ге дайындық кезеңінде өткізілетін психолого-педагогикалық шаралар
04
наурыз
2024

9-11-сынып оқушыларымен мемлекеттік емтихан мен ҰБТ-ге дайындық кезеңінде өткізілетін психолого-педагогикалық шаралар

9-11-сынып оқушыларымен мемлекеттік емтихан мен ҰБТ-ге дайындық кезеңінде өткізілетін психолого-педагогикалық шаралар жоспары
         Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің тың өзгерістеріне және оның әлеуметтік-қоғамдық жағдайына байланысты оқушыларға бірыңғай ұлттық тестілеу қолданылуда. Сондықтан да оқушыларды  бірыңғай ұлттық тестілеуге психологиялық  тұрғыда дайындау өзекті мәселе болып отыр.
           Сондықтан да  бірыңғай ұлттық тестке дайындық кезеңінде оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен практикасын өңдеу, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бақылау дағдысын оқыту, өзіне сенімділігін арттыру мақсатында практикалық сабақтар өткізуді жоспарлаймын.
     Мектеп бітірушілердің Ұлттық бірыңғай тестілеудің
психологиялық шешу жолдары  бойынша оқушыларға күн тәртібін
құруға, материалдарды есте сақтап, қайта жаңғыртуға, өз
қабілеттерін молынан қолдауға, стресстік жағдай бола қалғанның
өзінде, оны жеңудің жолдары бойынша ауқымды ақпарат беру
психологиялық қызметнің міндеті .
     Мектеп түлектерінің ҰБТ- ге дайындықта қорқыныш пен іштей
қинаған сезімдерден құтылуға, адал болуға психологиялық көмек
 көрсете отырып, бойларына сенімділік ұялату, жол таңдай білуге үйрету.
 Тренинг барысы: 
1.Психологиялық ойын
2.Кіріспе әңгіме
Стресс дегеніміз не?
Қазіргі заманда жиі қолданатын, сәнді сөз.
СТРЕСС – бұл адам ағзасының физикалық және психикалық 
тұрғыдан күштену қалпы. Біз оны әруақытта сезінеміз – сыныпта өзімізді тұрып таныстырарда, асқазанның ішінде қуыс бардай сезім болады, емтихан уақытында шексіз ашулану, ұйқысыздық. Болмашы стрестің өзі шарасыздыққа алып келеді. Стресс адам тіршілігінің ажырамас бөлігі. Дей тұрғанмен стрестің өте қауіпті жағдайларын ажырата білу керек.