«Дүниежүзілік психикалық денсаулық» күні қарсаңында Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің психология кафедрасының профессорлары гимназиямыздың педагогтарына "Менің ресурстарым" тақырыбында тренинг ұйымдастырды » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » «Дүниежүзілік психикалық денсаулық» күні қарсаңында Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің психология кафедрасының профессорлары гимназиямыздың педагогтарына "Менің ресурстарым" тақырыбында тренинг ұйымдастырды
07
қазан
2024

«Дүниежүзілік психикалық денсаулық» күні қарсаңында Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің психология кафедрасының профессорлары гимназиямыздың педагогтарына "Менің ресурстарым" тақырыбында тренинг ұйымдастырды









07.10.2024 жылы «Дүниежүзілік психикалық денсаулық» күні қарсаңында Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, псх.ғ.к. О. Г. Беленко, қауымдастырылған профессор м.а., PhD докторы Н.Б. Серикбаева Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясында педагогтарға "Менің ресурстарым" тақырыбында тренинг ұйымдастырды. Тренинг мақсаты мұғалімдерді кәсіби қызметінде қолдаупсихоэмоционалды шиеленісті жеңілдету және оқушылардың дамуы мен психологиялық саулығын қамтамасыз ету үшін мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған. Тренингтер барысында мұғалімдер шиеленісті жеңілдету әдістерімен танысты, қазіргі уақытта олар үшін қандай ресурстар маңызды екенін білді, күйзелісті  басқаруға және әл-ауқатты арттыруға көмектесетін тыныс алу және релаксация әдістері ұсынылды, К.Шрайнердің күйзеліс жағдайын диагностикалау әдістемесі жүргізілді.  Бұл іс-шаралар білім беру ортасындағы психикалық денсаулықтың маңыздылығын көрсетеді және білім алушылар үшін қолдау атмосферасын құруға ықпал етеді. 


Тренинг Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті гранттық қаржыландыру шеңберінде «BR24992828 - Орта білім жағдайында психологиялық тұрғыдан қауіпсіз білім беру ортасын құрудың тұғырлары мен механизмдері» тақырыбында мемлекеттік тапсырысты орындау аясында ұйымдастырылды.