«Бастау» Республикалық математикалық олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. 2-4 сынып оқушылары «БАС ЖҮЛДЕ» иеленді. » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » «Бастау» Республикалық математикалық олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. 2-4 сынып оқушылары «БАС ЖҮЛДЕ» иеленді.
06
ақпан
2025

«Бастау» Республикалық математикалық олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. 2-4 сынып оқушылары «БАС ЖҮЛДЕ» иеленді.

2025 жылдың 5 ақпан күні 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» Республикалық математикалық олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының математикалық дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау, командамен жұмыс жасай отырып шығармашылық қарым-қатынас қалыптастыру. Олимпиада 3 турдан тұрды, 1 тур « Әу баста», 2 тур «Асық», 3 тур «Бәйге». Гимназиямыздың 2-4 сынып білім алушылары үш турдан ең жоғарғы ұпай жинап , «БАС ЖҮЛДЕ» иеленді. Команданың капитаны 4 «Ә» сынып оқушысы Риза Санжар жеке турдан 1 орын, сынып жетекшісі: Нурахметова Жанар Борамовна. 3 «Ә» сынып оқушысы Талғатов Бекарыс жеке турдан 1 орын, сынып жетекшісі Шоманова Самал Қуанышқызы. 2 «А» сынып оқушысы Асқаров Абылай жеке турдан 1 орын иеленді, сынып жетекшісі: Аяпбергенова Лаззат Дәулетқалиевна. Шәкірттеріміз бен ұстаздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз! ‎Облыстық кезеңде де жеңіске жетулеріне тілектеспіз!