«Директормен Coffee» жобасының алғашқы кездесуі өтті! 🎉 » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » «Директормен Coffee» жобасының алғашқы кездесуі өтті! 🎉
08
ақпан
2025

«Директормен Coffee» жобасының алғашқы кездесуі өтті! 🎉

☕️ «Директормен Coffee» жобасының алғашқы кездесуі өтті! 🎉

Бүгін гимназиямызда көптен күткен «Директормен Coffee» жобасының алғашқы қонағы – гимназия президенті Сәрсен Асылай болды! 💬✨

Ашық диалог алаңында Асылай мектеп өмірі, гимназия парламентінде атқарылып жатқан жұмыстар және қазіргі өзекті мәселелер туралы өз ойымен бөлісті. Сондай-ақ оқушылардың білім ордасындағы рөлі мен оқушылар көзқарасымен талқыланатын мәселелер туралы пікірін білдірді.

Сондай-ақ, кездесуге мектебіміздің директоры Нұргүл Құлжағазықызы да өз тәжірибесімен бөлісіп, талқылау барысында қызықты сұрақтар қойылып, мазмұнды пікір алмасу орын алды.

🔹 Бұл жоба не үшін маңызды?
✅ Оқушылардың ойын тыңдау
✅ Мектептегі өзекті мәселелерді бірге талқылау
✅ Жетістіктермен бөлісіп, жаңа идеяларды талқылау

📌 Келесі кездесуде жаңа қонақтармен тағы да қызықты сұхбат күтілуде! Өз ойыңды жеткізгің келсе, «Директормен Coffee» жобасына қосыл! ☕️💡Толық сұхбатты ютуб желісінен көре аласыздар.