Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романына талдау жасады. » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романына талдау жасады.
16
сәуір
2025

Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романына талдау жасады.

«Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» және «Балалар кітапханасы» республикалық жобалар аясында «Сыныбымызбен кітап оқимыз» акциясы бойынша 8«А» сынып оқушылары жетекшісі Есімбекова Жұпар Серікболқызы және мектеп кітапханашыларының қатысуымен Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романына талдау жасады.
Мақсаты:
🔸Оқушыларға М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романының тақырыбын, идеялық мазмұнын таныту;
🔸Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ынтасы мен қызығушылығын, логикасын жетілдіру, сыни тұрғыдағы көзқарасына еркіндік беру;
🔸Оқушылар бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату, төл әдебиетке деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
«Бақытсыз Жамал» – тек бір қыздың тағдыры емес, бұл — бүкіл қазақ қыздарының ауыр тағдыры мен қоғамдағы орны туралы шынайы шолу. Міржақып Дулатұлы Жамал арқылы ескі қоғамның қатігездігін сынға алып, оқырманды оятуды көздеді. Бұл шығарма – еркіндікке, әділетке, жаңа қоғамға шақыру.