Республикалық «Үздік педагог – 2025» » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » Республикалық «Үздік педагог – 2025»
26
қазан
2025

Республикалық «Үздік педагог – 2025»

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен өткен республикалық «Үздік педагог – 2025» байқауының қорытындысы жарияланып, Республика күні қарсаңында өткен салтанатты марапаттау рәсімінде министр Жұлдыз Сүлейменова жеңімпаз ұстаздарға «Үздік педагог» куәлігі мен төсбелгісін және 1000 АЕК көлеміндегі сыйақыны табыстады.

Сол үздіктердің қатарында – «Үздік 100 мектеп – 2025» тізіміне енген Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясының тарих пәні мұғалімі, облыстық және республикалық байқаулардың жеңімпазы, педагог-зерттеуші Жумабекова Гульмира Бектемировна бар.

Айта кетсек, бұл байқау республика көлемінде 12-рет өткізіліп отыр. Оның ішінде тарихы терең Шәкәрім атындағы көбейінді #5 гимназиядан республикалық деңгейде 5 үздік ұстаз, ал облыстық деңгейде 2 ұстаз «Үздік педагог» атанып, білім ордасының мәртебесін асқақтатып келеді.

Қала ,облыс ұстаздары атынан Жумабекова Гульмира Бектемировнаны және гимназия ұжымын шын жүректен құттықтаймыз! 
Бұл жетістік – ұстаздың еңбегі мен мектептің сапалы білім беру жолындағы табанды ізденісінің айғағы.
https://www.instagram.com/reel/DQRElU2AKNz/?igsh=MXhtMWVuNDNnM3NkNQ==