17
қараша
2025
“Бастауыш- білім бастауы” бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігі
«Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы» КММ-де бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі ұйымдастырған «Бастауыш – білім бастауы» атты онкүндік бастау алды. Шараның алғашқы күні ерекше көңіл күймен өрбіп, мектепке келген оқушыларды ұстаздар қауымы түрлі қызықты ойындар арқылы қарсы алды. Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл күйі онкүндіктің жарқын бастамасына айналды.https://www.instagram.com/reel/DRKAy51jNjX/?igsh=MTlxcHcxM3RtdmFxMw==