«Ағалар мектебі» 10–11 сынып оқушыларына арнап тағылымы терең, өмір мәніне бағыттайтын ерекше кездесу өткізді » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » «Ағалар мектебі» 10–11 сынып оқушыларына арнап тағылымы терең, өмір мәніне бағыттайтын ерекше кездесу өткізді
03
желтоқсан
2025

«Ағалар мектебі» 10–11 сынып оқушыларына арнап тағылымы терең, өмір мәніне бағыттайтын ерекше кездесу өткізді

«Сенде бір кірпіш дүниеге…»
Бүгін «Даналық мектебі» жобасының аясында «Ағалар мектебі» 10–11 сынып оқушыларына арнап тағылымы терең, өмір мәніне бағыттайтын ерекше кездесу өткізді.

Бұл іс-шараның мақсаты — ер балалардың жүрегіне жігер отын жағу, олардың болашаққа деген көзқарасын айқындап, өз орнын табуға жетелеу. Кездесу барысында ағалар өмірдің мәнін, кәсіби таңдаудың маңызын, азаматтық ұстаным мен адамдық қадірді түсіндірді.Кездесу барысында ағалар өмірдің мәнін, кәсіби таңдаудың маңызын, азаматтық ұстаным мен адамдық қадірді түсіндірді. «Әрбірің – бір-бір әлемсің. Дүниеге өз кірпішіңді дұрыс қалап, артына із қалдырған азамат болу – ең үлкен бақыт» деген ой жастарға қуат, арманға қанат сыйлады.
Болашақ мамандығын анықтап, өз жолын табуға қадам жасап жүрген жас буын үшін бұл кездесудің орны ерекше болды. Осындай тағылымды сәттер әр оқушының санасына сәуле болып түсіп, жүрегінде арман отын маздатады деп сенеміз.
Ұйымдастырушы: Базарханов Н.О, Ертісов А.А.
Жігерлі жастардың жарқын болашағы – өз таңдаған жолынан басталады.
Өмірге өз кірпішіңді қуатпен, ниетпен, адалдықпен қалдыр!​https://www.instagram.com/reel/DRzlK5zDMNq/?igsh=Zmhwa29jbjl0YTdz​​​