“How do we plan lesson?” тақырыбында пән мұғалімдеріне арналған тренинг » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » “How do we plan lesson?” тақырыбында пән мұғалімдеріне арналған тренинг
03
желтоқсан
2025

“How do we plan lesson?” тақырыбында пән мұғалімдеріне арналған тренинг

03 желтоқсан күні “How do we plan lesson?” тақырыбында ағылшынтілі пәні мұғалімдері З.О.Кармысова және Р.А.Байшокенова гимназия мұғалімдеріне тренинг өткізіп, шығармашылық шеберхананың негізгі қағидалары мен тиімді әдістерін таныстырды. Тренинг барысында қатысушылар тапсырмаларды әртүрлі әдістер арқылы орындап, бірлескен жұмыс мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тәжірибелер жасады. Тренингтің басты мақсаты – қазіргі білім беру үдерісінде қажет болатын 4C дағдыларын дамыту:
· Creativity (шығармашылық),
· Communication (қарым-қатынас],
·Collaboration (ынтымақтастық), Digitalliteracy (цифрлық сауаттылық). Қатысушыларға тапсырмаларды орындауда әдіс түрлерін қолдану,түрлі шешімдер іздеу; жауапкершілік, ынтымақтастық және бір-бірінің идеясына құрмет көрсету принциптерін орындау; өз жұмысын бағалау,қандай нәтижеге қол жеткізгенін, қандай қиындықтар болғанын және келесі жолы нені жақсартуға болатынын анықтау сияқты рефлексия құралдарын көрсетті. Тренинг барысында қатысушылар белсенді әрекетке тартылып, практикалық тапсырмалар мен discovery-learning әдістері арқылы шығармашылық ойлау дағдыларын жетілдірді. Оқыту үдерісі интерактивті, қызықты және тәжірибеге бағытталған форматта өтті. 
https://www.instagram.com/p/DRzy4JIDIzB/?img_index=1&igsh=YXZmbWI2MjlmN3Iy
​​​