«Бірлік пен елдік – жас ұрпақ қолында!» » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » «Бірлік пен елдік – жас ұрпақ қолында!»
11
желтоқсан
2025

«Бірлік пен елдік – жас ұрпақ қолында!»

​​​​«Бірлік пен елдік – жас ұрпақ қолында!»

Бүгін гимназиямызда ұлттық рухты жаңғыртып, жас ұрпақтың жүрегіне патриоттық сезім ұялатқан тағылымы терең форум өтті.

Форум барысында батыр қыздарымыз — Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова, жерлесіміз Баян Байғожинаның ерлігі ұлықталып, өскелең ұрпаққа өнеге етілді.
«Жеті дара» командасының батыр қыздар жолымен жасаған тағзым сапары мен деректі көрінісі көпшіліктің жүрегіне жетті.

Шара аясында гимназия намысын қорғап, білім, өнер, спорт пен ғылымда үздік нәтиже көрсеткен оқушыларымыз «Шәкәрім патриоты» төсбелгісімен марапатталды. Бұл – жас буынға артылған сенім мен жауапкершіліктің айқын белгісі.

Қазақстан Республикасының Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығына форумға ерекше рух берген әсерлі әндер мен би нөмірлері үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Өнер арқылы отансүйгіштік рухты сезіндірген әрбір орындаушыға ризашылығымыз мол.

Форумның құрметті қонақтары:
– Тәрбие және идеологиялық жұмыс бөлімінің идеологиялық жұмыстар, арнайы насихаттау және мемлекеттік-құқықтық дайындық бойынша аға офицері, 44793 әскери бөлімінің майоры Байбулов Аслан Алтаевич;
– «Абай облысының білім басқармасы» ММ «Дарын» орталығының әскери-патриоттық бағытты дамыту бөлімінің басшысы Курманов Болат Анарбекұлы;
– Қазақстан Республикасының Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы бастығының орынбасары – Семей қаласы филиалы әскери-патриоттық орталығының бастығы, подполковник Джумагулов Нұрсұлтан Аликұлы.

Елдік мұратты ұлықтаған бұл форум жас жүректерге рух, бойларға сенім ұялатты.
Елдігіміз берік, ертеңіміз еңселі болсын!https://www.instagram.com/reel/DSHXOjbADCj/?igsh=Yjl5anlpcDAzcDdu​​​