II Республикалық “Ғасырлар үні” байқауының жеңімпаздары » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » II Республикалық “Ғасырлар үні” байқауының жеңімпаздары
11
желтоқсан
2025

II Республикалық “Ғасырлар үні” байқауының жеңімпаздары

Астана қаласында өткен II Республикалық “Ғасырлар үні” байқауында жүлделі 1 орынды иелеген “Мұрагер” домбырашылар ансамблінің байқауға барардағы бейнеролигі желіде көрермен көзайымына айналып, желіде халықты өзіне қаратты. Балалардың дайындық барысында түсірген бейнеролигін тіпті @azat.orazay мырза өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасына жүктеген. Осыны байқаған Семейтелеарнасынан Наргиз ханымның шақыртуымен таңғы сұхбатқа барып, өзіміздің әсерімізбен бөлісіп қайттық.

Абай облысының намысын қорғап, абыройын көтерген ансамбль мүшелеріне бұл жеңіске жету оңай болмағаны сөзсіз. Қазақстанның түпкір түпкірнен келген өнерлі жастардың арасында “Мұрагер” домбырашылар ансамблі өздерінің күн түн демей дайындалған дайындықтарының арқасында үлкен жеңіске жетті.

Бұл байқауда біз бір-бірімізбен тәжірибе алмастық. Бұл деген керемет емес пе? Қандай керемет мықты-мықты домбыраның құалағында ойнайтын оқушыларды көрдік. Қазағымның әр баласы домбырада ойнауы тіпті керемет.
https://www.instagram.com/reel/DSHx43cExzZ/?igsh=MXNuNDFqNDZ1ZGZleg==