12
желтоқсан
2025
"Ақжаулық" әжелер клубының ашылу салтанаты
11.12.2025 жылы "Даналық мектебі" аясында гимназиямызда "Ақжаулық" әжелер клубының ашылу салтанаты және "Әже-отбасының алтын діңгегі" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты: оқушыларға қазақ отбасындағы әженің орны мен рөлін түсіндіру, үлкенді құрметтеу, ізгілік, мейірімділік қасиеттерін дамыту және отбасылық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу.
"Ақжаулық" әжелер клубының ашылу салтанатына Семей қалалық Ардагерлер кеңесі бойынша Әжелер алқасының төрайымы Әбітаева Мағрипа Қайымбекқызы және Сембаева Жанат апамыз бастаған №49 ЖОББМ-тің ардагер ұстаздары сонымен қатар гимназиямыздың асыл әжелері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында оқушы қыздарымыз әжелеріміздің тағылымды сөздерін естіп, бойларына сіңіре алды. 9-сыныптың қыздары мен гимназияның жас маман ұстаздары Әженің бала тәрбиесіндегі орны туралы өз ойларымен бөлісті. Іс-шара өте әсерлі өтті.
Жауапты: «Ақжаулық» әжелер клубының жетекшілері: Абадилова А.Қ., Жумабекова Г.Б., Толеуова Ш.А.https://www.instagram.com/reel/DSJorWKDCDs/?igsh=NjJ4dGJzY3JwaXhw