«Тәуелсіздік – мәңгілік мұратым» атты поэзия кеші өтті » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » «Тәуелсіздік – мәңгілік мұратым» атты поэзия кеші өтті
12
желтоқсан
2025

«Тәуелсіздік – мәңгілік мұратым» атты поэзия кеші өтті

«Тәуелсіздік – мәңгілік мұратым» атты поэзия кеші өтті

Бүгін Шәкәрім атындағы мектеп-гиназияда Тәуелсіздік мерекесіне арналған мазмұны терең, рухани мәні зор поэзия кеші өтті. Шара барысында елдік пен еркіндіктің символына айналған ұлы тұлғалар Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабаев пен Жүсіпбек Аймауытовтың бейнелері жаңғырып, олардың мұрасы жырмен өрілді.

Гимназияның жас ұстаздары халқымыздың тарихындағы күрделі кезеңдер ашаршылық, репрессия, Желтоқсан оқиғасын көрініс арқылы әсерлі жеткізді. Оқушылар тәуелсіз елдің ұрпағы ретінде «РУХ» әнін ерекше тебіреніспен орындады.

Кештің мақсаты ұлт тарихын поэзия арқылы насихаттау және жас буынға тәуелсіздіктің шынайы құндылығын сезіндіру. Алаш зиялыларының мұрасын, Желтоқсан қаһармандарының ерлігін дәріптеу. Кештің құрметті қонақтары  Айжан Мұқышева,Айгүл Ахметқалиева, Бақыт Орақбай және Эльмира Жүрсінбекқызы секілді 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қатысушылары болды.

Олардың рухқа толы естеліктері жас буынға үлкен ой салды. Кеш соңында қатысушылар «Атамекен» әнін бірге орындап, рухани бірлік пен елге деген сүйіспеншілікті терең сезінді.Тәуелсіздік бабалар аманаты, ұрпаққа қалған мәңгілік мұра.