15
желтоқсан
2025
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаттары өтті

🔹1 «А» сыныбында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылар Қазақстан Республикасының рәміздері – Ту, Елтаңба, Әнұран туралы мәлімет алды. Мұғалім Тәуелсіздіктің еліміз үшін маңызы жайлы түсіндіріп, балаларға еліміздің жетістіктері туралы әңгімеледі. Оқушылар тақпақтар оқып, қызықты тапсырмалар орындап өз білімдерін көрсетті. Оқушылар Отанын сүю, елін қорғау – әрбір азаматтың борышы екенін түсінді. 🔹1 “Б” сыныбында Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты өтті.
Сабақ барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы мағлұмат алып, Отанға деген сүйіспеншіліктерін өлең, ән арқылы жеткізді. Тәрбиелік шара оқушылардың патриоттық сезімін арттырып, ел тарихына деген құрметін қалыптастырды.Лимара Слямхановна тәбие сағатының соңында Отан,ерлік туралы мақал-мәтел жарысын ұйымдастырды.