Білім сапасын бағалаудағы бірлескен сарапшылық жұмыс » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » Білім сапасын бағалаудағы бірлескен сарапшылық жұмыс
17
желтоқсан
2025

Білім сапасын бағалаудағы бірлескен сарапшылық жұмыс

Бүгін " Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мекмлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында 2025–2026 оқу жылындағы ІІ тоқсанға арналған тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына сараптама жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты – тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының оқу бағдарламасына сәйкестігін, оқу мақсаттарының дұрыс қамтылуын, бағалау критерийлерінің айқындығы мен мазмұнның сапасын сараптау, сондай-ақ педагогтер арасында кәсіби тәжірибе алмасуға жағдай жасау.
Аталған іс-шараға қаламыздағы №6 гимназия, Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназия, №22 мектеп-лицей, №27, №35, №42 мектептердің педагог-шебер және педагог-зерттеуші мұғалімдері қатысып, сарапшылық қызмет атқарды.
Іс-шара қорытындысы бойынша барлық қатысушы мұғалімдерге сарапшылық қызмет атқарғанын растайтын сертификаттар табысталды.
Алдағы уақытта бірлескен жұмыстардың әдістемесі аясында білім беру ұйымдары арасында тәжірибе алмасу семинарларын ұйымдастыру, бағалау тапсырмаларын бірлесіп әзірлеу, сараптамалық ұсынымдар негізінде әдістемелік қолдау көрсету, сондай-ақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған бірлескен іс-шараларды жүйелі түрде өткізу жоспарлануда.
Барлық сарапшы мұғалімдерге және білім беру ұйымдарының директорларына кәсіби ынтымақтастықтары мен қолдаулары үшін алғыс білдіреміз.​https://www.instagram.com/reel/DSXV8LDDFBh/?igsh=Y2VrMjBoaDZ4ZHcz​​​