№3 педагогикалық кеңес » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
06
қаңтар
2026

№3 педагогикалық кеңес

Бүгін гимназиямызда 2025–2026 оқу жылының №3 педагогикалық кеңесі өтті. Педагогикалық кеңес отырысының тақырыбы:
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру – білім алушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың негізі: мектеп, отбасы және педагогтердің өзара іс-әрекеті.
Кеңес барысында төмендегі мәселелер қарастырылды:
✅2025–2026 оқу жылының І жартыжылдық қорытындысы;
✅«Адал азамат» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар мен тәрбиелік іс-шаралардың тиімділігі;
✅Бастауыш сыныптардағы тәрбие сағаттарының маңыздылығы;
✅Сыныптан тыс жұмыстардың тұлғалық даму мен әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастырудағы рөлі;
✅Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің қорытындысы;
✅ІІ тоқсан бойынша сынып рейтингісі және педагог кадрлардың І жартыжылдық рейтингісі;
✅Оқушылардың психоэмоционалдық жағдайы, қауіп-қатер тобына жататын білім алушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету мәселелері.
Кеңес қорытындысында тәрбие мен білімнің өзара сабақтастығы, сондай-ақ мектеп пен отбасының бірлескен жұмысының маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Сонымен қатар, І жартыжылдық қорытындысы білім сапасын арттырумен қатар, оқушылардың психоэмоционалдық ахуалын тұрақтандыру, қауіп-қатер тобына жататын білім алушылармен жеке жұмыс жүргізудің маңыздылығын көрсетті. Тәрбие сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралардың тиімді формаларын жетілдіру, педагог кадрлардың кәсіби белсенділігін арттыру, олимпиадалар мен жарыстарға қатысуды жүйелеу бойынша нақты ұсыныстар қабылданды.​https://www.instagram.com/reel/DTLYS4ADIn_/?igsh=MTFxam41aW0wenVtNA==​​​