14
қаңтар
2026
Мектеп түлектерімен тағылымды кездесу
Мектеп түлектерімен тағылымды кездесу
Тұран Астана университетінің 2-курс студенті, мектебіміздің түлегі Самархан Олжас Айдосұлы қазіргі таңда
«Жас Сарбаз» қозғалысы Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары,
сондай-ақ Мәжіліс депутатының қоғамдық көмекшісі ретінде елдік істерге белсене араласып келеді.
Ал Семей медицина университетінің 2-курс студенті Оразғали Арсен Жарқынұлы
«Жас Сарбаз» қозғалысы Абай облысында қоғамдық жұмыстарды атқарып,
университет қабырғасында да белсенділігімен ерекшеленіп жүр.
Кездесу барысында түлектеріміз жоғары сынып оқушыларымен жүздесіп,
мамандық таңдау, жоғары оқу орнына түсу, азаматтық ұстаным мен жауапкершілік жайында
тағылымды ойларымен бөлісіп, кәсіби бағдар беру бағытында мазмұнды жұмыстар жүргізді.
Сондай-ақ «Жас Сарбаз» сыныбында арнайы ерлік сабағын өткізіп,
Отанға қызмет ету, патриотизм, тәртіп пен табандылық секілді құндылықтарды жас буынға кеңінен насихаттады.
Осындай саналы, елжанды әрі белсенді түлектеріміз – бүгінгі жастарға үлгі,
ал біз үшін үлкен мақтаныш!https://www.instagram.com/reel/DTgBGNTgNn-/?igsh=a3ZlYWxyZ2ttZGho