«Tengri» командасы робототехникадан Орта Азия чемпионатына жолдама алды » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » «Tengri» командасы робототехникадан Орта Азия чемпионатына жолдама алды
26
қаңтар
2026

«Tengri» командасы робототехникадан Орта Азия чемпионатына жолдама алды

Қаңтар айының 23–24 күндері Астана қаласында «Astana First & Drones Championship 2026» республикалық робототехника чемпионаты өтті. Аталған чемпионатқа Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Өзбекстан мен Ресей елдерінен жиналған жас өнертапқыштар қатысып, заманауи технология саласындағы білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Чемпионатқа Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияның «Tengri» (үлкен топ) және «Шаңырақ» (кіші топ) командалары қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Чемпионат қорытындысы бойынша «Tengri» командасы Орта Азия елдері қатысатын халықаралық чемпионатқа жолдама алып, «Sustain Award» марапатына ие болды. Аталған марапат Абай облысында робототехника мен STEM-білім беруді дамыту бағытында ұзақ мерзімді, жүйелі жұмыстар жүргізгені үшін табысталды.
Ал «Шаңырақ» кіші тобы «Team Poster Award» номинациясын иеленді.
Алдағы уақытта «Tengri» командасы халықаралық чемпионатта сәтті өнер көрсетіп, Әлем чемпионатына жолдама алады деп сенеміз.
Команда менторлары А. Тұрсынбековке, Г. С. Каленоваға, Т. Амирхановқа, сондай-ақ қолдау көрсеткен ата-аналарға алғысымызды білдіреміз!