27
қаңтар
2026
«Қауіпсіз маршрут пен цифрлық қауіпсіздік: оқушыларға арналған дәріс»
Гимназияда оқушылардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған маңызды кездесу өтті.
2026 жылдың 27 қаңтарында Абай облысы ПД Семей қаласы Әуезов ПБ ҚҚБ инспекторы, полиция лейтенанты Б.Е.Ергараева 9–10 сынып оқушыларына арналған профилактикалық дәріс өткізді.
Дәріс барысында «Қауіпсіз маршрут», «Жол қозғалысы ережелері», «Өрт қауіпсіздігі», «Интернет қауіпсіздігі», сондай-ақ «Баланың құқықтары мен міндеттері» тақырыптары кеңінен қамтылды. Оқушылар күнделікті өмірде қауіпсіздікті сақтау, заң талаптарын білу және өз құқықтары мен жауапкершілігін түсіну жөнінде пайдалы мәліметтер алды.
Кездесу жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға үлкен ықпал етті.