Кәсіби бағдар беру » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
03
ақпан
2026

Кәсіби бағдар беру

Бүгін гимназиямыздың түлегі, қазіргі таңда Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтының студенті Қуанышбекұлы Қуат біздің гимназияға кәсіби бағдар беру үшін арнайы келді. Оқушыларымызбен ашық әңгіме жүргізіп, әскери институттың мүмкіндіктері мен оқуы туралы пайдалы ақпаратпен бөлісті. Қуаттың өзі алған тәжірибесі, армандары мен мақсаттары туралы айтқан сөздері жастарда үлкен мотивация туындатты.Кездесу барысында Семей қаласы және Жаңасемей ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыс бөлімінің бастығы, аға лейтенант Скаков Даурен Сайлауқанұлы, сондай-ақ әскери қызметкерлер Аслан Алтайұлы мен Мейрамбек Манарбекович біздің оқушыларымызға әскери борыш туралы дәріс оқыды.
 Оқушыларымыз үшін қызықты және маңызды ақпараттармен бөлісіп, болашақта әскери қызметтің маңыздылығы мен жауапкершілігі туралы айтып берді. Осындай іс-шаралар жастарымызды ұлттық патриотизмге тәрбиелеп, кәсіби бағыт беру үшін аса маңызды!​https://www.instagram.com/reel/DUS4qfWjBSd/?igsh=bjNxdWRxOTgxb2pn​​​