«Жаңартылған білім беру бағдарламасы-білім берудегі жаңа мазмұн» тақырыбында әдістемелік семинар өтті » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » «Жаңартылған білім беру бағдарламасы-білім берудегі жаңа мазмұн» тақырыбында әдістемелік семинар өтті
23
қараша
2021

«Жаңартылған білім беру бағдарламасы-білім берудегі жаңа мазмұн» тақырыбында әдістемелік семинар өтті



18 қараша 2021 жылы  Әлихан Бөкейхан Университетінде дуалды оқыту жүйесін жүзеге асыру аясында  «Жаңартылған білім беру бағдарламасы-білім берудегі жаңа мазмұн» тақырыбында әдістемелік семинар өтті.

Семинарға Шәкәрім атаындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның ұстаздары- Мұқанова Нұргүл Құлжағазықызы, директордың бейіндік оқыту бойынша орынбасары, педагог -мастер; Сексенбаева Сауле Кенжегалиевна- бастауыш сынып мұғалімі, педагог-мастер;Жүндібаева Риза Қанапияқызы, жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі қатысты.

Іс –шарада  университеттің болашақ педагог мамандарды даярлау ісін жетілдіру бағдарламасына сәйкес, мектептің практик мұғалімдері өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.Жаңартылған білім берудің маңыздылығын,, оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді оңтайлы қолдану туралы болашақ мамандармен,университет оқытушыларымен дәріс өткізді. Болашақ жас мамандарды оқыту үрдісіне тарту, білім беру  мекемелерімен әріптестік, ынтымақтастық байланыс орнату жоспарлары бойынша семинар жұмысы жоғары дәрежеде өтті.