Республикалық жас зерттеушілердің «Зерде» ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстары сайысының жүлдегерлерін құттықтаймыз » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » Республикалық жас зерттеушілердің «Зерде» ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстары сайысының жүлдегерлерін құттықтаймыз
12
ақпан
2022

Республикалық жас зерттеушілердің «Зерде» ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстары сайысының жүлдегерлерін құттықтаймыз


Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі»  дегендей,мектебімізде дарынды баламен жұмыс жүргізуге ерекше назар аударылуда. Балаларды ғылыми-ізденіске, ғылыми жоба қорғауға баулу арқылы білімдерін тереңдету ісі жүріп жатыр. Оны - әлемдік білім кеңістігіне ену жолындағы тұлғаны дамыту аймағына кіргізу мақсатындағы бір қадам деп есептеуге болады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, дамыту – оқушы шығармашылығын қалыптастырудың нақты жолдарының бірі екенін де естен шығармау қажет.

«Бала ғылым жолын қусын десең, бесігінде - ақ  ғылым шоғын көсе »- деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, шәкірттеріміз бірнеше жыл қатарынан Республикалық жас  зерттеушілердің  «Зерде» ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстары сайысының жүлдегерлері атануда. Биыл да Дарын РҒПО ұйымдастыруымен өткізілген  400 де аса жас зерттеушілер бақ сынасқан XVІІ Республикалық «Зерде » сайысына Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиядан 4 жобамен 8 оқушы қатысып, 2 оқушы -1 орын, 2оқушы-2 орын, 2 оқушы -3 орынды иеленсе, 2 оқушы арнайы мақтау қағазымен марапатталды.Олар:

І орын –медицина секциясы бойынша  Ғарифолла Адия, Қадырбек Серікжан, 4-сынып оқушылары, жетекшілері: Каленова К.С.,  Сагындыкова М.Ж.

ІІ орын-тарих,өлкетану секциясы бойынша Руслан Салауат, Серіков Айсұлтан, 3-сынып оқушылары, жетекшілері: Жумабекова Г.Б.,  Кабдоллина Ш.О.  

ІІІ орын-техника секциясы бойынша Кәдірбек Әбілқайыр, Өміржан Аружан, 2-сынып оқушылары, жетекшілері: Сексенбаева С.К., Муканова Н.К.

Мақтау қағазымен марапатталған биология секциясы бойынша Асқарова Айзере, Алибек Айлы, 3-сынып оқушылары, жетекшісі: Аяпбергенова Л.Д.  

Болашақ жас ғалымдарды, оларды дайындаған жетекші ұстаздарды , ата-аналарын жеңісімен құттықтаймыз! Білім ,ғылым жолында ізденіс, табыс, жетістіктер тілейміз!