Ақпарат » Страница 38 » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
Сейсенбі - сергек бастама!
16
қыркүйек
2025
Сейсенбі - сергек бастама!
Бүгінгі сейсенбі - сергек бастама! 9 қыркүйектен бастап Қазақстанның барлық мектептерінде Қ.Р. Оқу-ағарту министрлігінің жаңа жобасы – оқушыларға арналған жүйелі таңғы жаттығу басталады. Сабаққа дейінгі қысқа 3 минуттық жаттығу оқу процесінің бір бөлігіне айналмақ. Ол әр аптаның сейсенбі күні барлық оқушылар мен педагогтердің қатысуымен ұйымдастырылады. Жаттығуды дене шынықтыру педагогтері пән ұстаздарымен бірлесе жүргізеді. 📌Жобаның басты мақсаты оқушылардың денсаулығын нығайту, оқу күнін
"Читаем Пушкина" мәнерлеп оқу байқауы
12
қыркүйек
2025
"Читаем Пушкина" мәнерлеп оқу байқауы
"Читаем Пушкина" мәнерлеп оқу байқауы 📚✨   12 қыркүйек күні мектебімізде «Тілдер шеруі» айлығы аясында 5–8 сынып оқушылары арасында орыс поэзиясының алыбы А.С. Пушкин шығармашылығына арналған мәнерлеп оқу байқауы өтті. 🌟 Оқушылар Пушкиннің өлеңдерін жүрекпен сезініп, көрермендерді ерекше әсерге бөледі.   🎤 Әр қатысушының дайындығы, дикциясы мен интонациясы жоғары бағаланды.   📖 Бұл шара балалардың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырып, тілдік мәдениетін дамытуға септігін тигізді.
12 қыркүйек – Жергілікті әскери басқару органдары күні
12
қыркүйек
2025
12 қыркүйек – Жергілікті әскери басқару органдары күні
12 қыркүйек – Жергілікті әскери басқару органдары күні Ұлттық әскери-патриоттық орталықта «Біртұтас ел – біртұтас жер» тақырыбымен салтанатты жиын өтті. Іс-шараға облыс әкімі, қоғам қайраткерлері, жас сарбаздар мен патриот жастар қатысты. Бұл күн – ел қорғаны болған сарбаздардың мәртебесін көтеріп қана қоймай, жас ұрпаққа Отанды сүю, елді қорғау – қасиетті борыш екенін ұғындырады. 🇰🇿
Ұлттық киім күні – болмыстың бейнесі!
12
қыркүйек
2025
Ұлттық киім күні – болмыстың бейнесі!
Ұлттық киім күні – болмыстың бейнесі! Бүгін мектебімізде ұлттық киім күні ерекше рухпен өтті. Әр сынып өз дәстүрін, өз болмысын киім арқылы паш етіп, ата-бабамыздан жеткен асыл мұраны дәріптеді. Осы күні ерекше белсенділік танытып, әдемі үлгі көрсеткен үздік сыныптарымыз: 6 «В» 5 «В» 4 «А» 2 «Б» 2 «Ә» Ұлттық киім – ұлттың жаны, рухтың айнасы.Бұл күн жас ұрпақтың бойына мақтаныш сезімін дарытып, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілікті арттырады.