Ақпарат » Страница 55 » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
Кітапхана – тек кітаптар мекені емес, ол – ақылдың ордасы, білімнің бесігі, руханияттың тұмары. Ол – әрбір оқырманды даналыққа жетелейтін алтын көпір.
25
сәуір
2025
Кітапхана – тек кітаптар мекені емес, ол – ақылдың ордасы, білімнің
Кітапхана – тек кітаптар мекені емес, ол – ақылдың ордасы, білімнің бесігі, руханияттың тұмары. Ол – әрбір оқырманды даналыққа жетелейтін алтын көпір. Кітап сөрелерінде – мыңжылдықтар ізі, әр парағында – ой мен сезімнің тереңдігі жатыр. Кітапхана – ғылымның тынысы, ізденістің бастамасы. Білімге жол бастағың келсе – кітапханаға бас сұқ! Өйткені нағыз ғылымның жұмағы – осы жерде.
Кітапхана ісі — ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және оқырманға ұсыну бағытында жүргізілетін кәсіби қызмет түрі.
25
сәуір
2025
Кітапхана ісі — ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және оқырманға ұсыну
Кітапхана ісі — ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және оқырманға ұсыну бағытында жүргізілетін кәсіби қызмет түрі. Бұл сала білім мен мәдениетті, руханиятты таратуда ерекше маңызға ие. «Кітапхана ісі туралы» атты Wordwall викторина ойынына 7 «Ә» сынып оқушылар қатысып, қызықты деректермен танысты. Кітапхана ісі – ұлт руханиятының діңгегі. Бұл сала білім мен парасаттылықты таратуда, тұлғаны тәрбиелеуде аса маңызды рөл атқарады. Уақыт өзгерсе де, кітап пен кітапхана құндылығы ешқашан жоғалмайды.
25 сәуір күні қалалық балалар кітапханасында ұрпақты рухани тәрбиеге баулу мақсатында «Чернобыль - АЭС апатына 39 жыл» толуына орай гимназиямыздың 7-сынып оқушылары көрмеге қатысты.
25
сәуір
2025
25 сәуір күні қалалық балалар кітапханасында ұрпақты рухани тәрбиеге
25 сәуір күні қалалық балалар кітапханасында ұрпақты рухани тәрбиеге баулу мақсатында «Чернобыль - АЭС апатына 39 жыл» толуына орай гимназиямыздың 7-сынып оқушылары көрмеге қатысты. Апат болған жерлердің уланғаны туралы, қалдықтарды жинап, реттеу үшін әр елдімекеннен әскери адамдардың жұмысқа тартылғаны жайлы, қазіргі уақытта сол апатты көзімен көрген ардагерлердің азайып бара жатқандығы, кейбір ардагерлердің денсаулықтарына келтірілген зияны туралы дәріс тыңдап, пайдалы ақпараттар алды.
Таза Қазақстан – әр адамның жүрегінен басталады!
25
сәуір
2025
Таза Қазақстан – әр адамның жүрегінен басталады!
Таза Қазақстан – әр адамның жүрегінен басталады! Бүгін мектеп ұстаздары, ата-аналар мен оқушылар бірлесе даланы қоқыстан тазартып, табиғатқа жан бітірдік. Құм төгіп, айналаны абаттандыру – бұл тек жұмыс емес, бұл – ұрпаққа үлгі, табиғатқа деген жанашырлық! Ұстаздың бастамасы, ата-ананың қолдауы, оқушының белсенділігі – міне, нағыз "Таза Қазақстан"! Таза дала – таза ой. Таза орта – таза болашақ! Әр күрек – ертеңге сенім, әр тер – туған жерге сүйіспеншілік! Туған даламыздың әр тасын, әр шөбін
Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясында 24 сәуір күні «Нағыз жетістік-өз жолыңды табу» тақырыбы аясында өтіп жатқан математика, физика, информатика пәндері апталығының жоспарына сай «ІТ-келешегі кемел сала» атты стендтің ашылу салтанаты болды.
25
сәуір
2025
Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясында 24 сәуір күні «Нағыз
Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясында 24 сәуір күні «Нағыз жетістік-өз жолыңды табу» тақырыбы аясында өтіп жатқан математика, физика, информатика пәндері апталығының жоспарына сай «ІТ-келешегі кемел сала» атты стендтің ашылу салтанаты болды. Ашылу салтанатына: 🔸Семей қалалық білім бөлімінің әдіскері Гульнур Закировна 🔸Шәкәрім атындағы университеттің «Физика және информатика» кафедрасының аға оқытушысы Сания Тусуповна 🔸Алихан Бөкейхан атындағы университеттің «Ақпараттық-техникалық
Семей қаласы “Шәкәрім атындағы №5 гимназиясы” КММ оқушыларымен “Жасыл мектеп” бағыты аясында “Біз орманды қорғаймыз” атты жалпы біріңғай өңірлік экологиялық флешмоб өткізілді.
24
сәуір
2025
Семей қаласы “Шәкәрім атындағы №5 гимназиясы” КММ оқушыларымен “Жасыл
Семей қаласы “Шәкәрім атындағы №5 гимназиясы” КММ оқушыларымен “Жасыл мектеп” бағыты аясында “Біз орманды қорғаймыз” атты жалпы біріңғай өңірлік экологиялық флешмоб өткізілді. Мақсаты: өлкеміздің жасыл желекті алқабын қорғау, экологиялық мәдениетті көтеру, оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру.
Бүгін мектебізде 10 А сыныбымен Сәкен Нұрқабекұлының “Мамандықтың мәні” атты кітабы бойынша “Асық” клубының мүшесі Мавленова Дилярамен қызықты кездесу өтті. Кітапта айтылған ойларды талқылап, оқушыларға мамандықтың мәнін ашып көрсетті.
24
сәуір
2025
Бүгін мектебізде 10 А сыныбымен Сәкен Нұрқабекұлының “Мамандықтың
Бүгін мектебізде 10 А сыныбымен Сәкен Нұрқабекұлының “Мамандықтың мәні” атты кітабы бойынша “Асық” клубының мүшесі Мавленова Дилярамен қызықты кездесу өтті. Кітапта айтылған ойларды талқылап, оқушыларға мамандықтың мәнін ашып көрсетті. Мамандық – әр адамның өміріндегі аса маңызды шешімдердің бірі. Ол тек күнкөріс көзі емес, адамның өзін табуының, өз арманын жүзеге асыруының жолы. Дұрыс таңдалған мамандық — өмір бойғы бақыттың, өз-өзіне сенімділіктің кепілі. Автор мамандықтың қоғам үшін де үлкен