Жас Ұлан ұйымына қабылдау » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
31
қаңтар
2020

Жас Ұлан ұйымына қабылдау





 «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына» қабылдау


Сценарийі


 
 

Өтетін уақыты: 2019 жыл 28 қараша

Өтетін жері: АКТ зал

Өткізілу түрі: Жас ұлан ұйымының салтанатты жиыны.

Қатысушылар: Мектеп оқушылары

(Зал салтанатты безендірілген. ҚР рәміздерімен және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының таңбасы баннерге бейнеленген.)



«Отаным- Қазақстан» әні орындайтын Дидарұлы Мерей

Президент туралы видео 1

Жүргізуші1:Қайырлы күн, құрметті қонақтар, қымбатты достар! «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатына қош келдіңіздер.

Жүргізуші 2:

«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігіЕлбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады. «Жас Ұлан» - өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым. 

Жүргізуші 1:  «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 2011 жылдың 11 ақпанындағы ХІІІ  съезінде Елбасы Н.Назарбаев ел жастарын «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына» біріктіріп, балалардың «Жас қыран» ұйымын құруды тапсырған болатын

Жүргізуші 2:  Қазақстан күннен – күнге өркендеп, гүлденуде. Біз осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін оқушылар, ұстаздар құрметті қонақтар Республикалық қоғамдық бірлестігі «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімінде куә болып отыр.    

Жүргізуші 1: «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына» қабылдау рәсімін ашық деп жариялаймыз!

Кадр сыртындағы дауысТүзеліңдер ,Тік тұрыңдар! ҚР Мемлекеттік Туы енгізілсін!.

(Салтанатты марш ырғағымен)

( Қазақстан Республикасының гимні орындалады)

Жүргізуші 2:

«Жас Ұлан» - шыншыл патриот

«Жас Ұлан» - нағыз топжарған

«Жас Ұлан» - қоғамға қызмет етеді

«Жас Ұлан» - жауапты азамат

«Жас Ұлан» - сенімді дос

«Жас Ұлан» - болашақ «Жас Отан»

Жүргізуші 1: «Жас ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады. 

Жүргізуші2: Құттықтау сөзі                                                                                                                                                                                              беріледі

(фанфары)

Жүргізуші 1:Елімнің атын айтсам - Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам – Қазақстан.

Қойнауы қазынаға толған мекен,

Байлығымның атын айтсам – Қазақстан.

Қазақстан – ұлт атын ұлықты еткен,

Ұлылардың арманын биік еткен.

Өзге де ұлт, ұлысқа қоңыс болып,

Оларға да жақсылық үйіп төккен.


Жүргізуші 2:   «Жас Ұлан» төсбелгілері мен галстуктарын табыстау рәсіміне мектеміздің үздік оқушылары шақырамыз.  

Жүргізуші 1: «Жас Қыранға» қабылданатын оқушылар: 

3 «Ә» сынып оқушылары

3 «А» сынып оқушылары



Жүргізуші 2: «Жас Ұланға» қабылданатын оқушылар:

 6 «а» сынып оқушылары

 6 «ә» сынып оқушылары

 6 «б» сынып оқушылары


 Жүргізуші 1: Біз Отанның Ұланы,

Жер қайысқан қалың қол.

Тәуелсіз ел ұланы,

Ант беруге дайын бол!


(3 «ә» сынып оқушысы Қаният Айбол ант береді)

Мен, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиясының оқушысы, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:


Өз Отанымыздың – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;

Ата-анамды қадірлеуге;

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

Білімге табандылықпен ұмтылуға;

Салауатты өмір салтын ұстануға;

Табиғатты аялауға;

«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымыздаң талап етуге ант етеміз.

Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге жәнеОтанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

«Ант етемін!» деп 3 рет айтады.

Жүргізуші 2Құттықтау сөзі ---------------беріледі

Жүргізуші 1: «Біз ...»

Оқушылар қолдау көрсетеді: «Жас Ұлан»

Жүргізуші 2: Ұранымыз

Оқушылар қолдау көрсетеді: «Қазақстан– Нұрсұлтан – Жас Ұлан» - 3 рет.

( «Жас Ұлан» гимні орындалады )


Жүргізуші 2: «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті.

Жүргізуші 1Сау болыңыздар! Кездескенше!


«Қазақстан» әні