«Балалар және әлеуметтік желі»тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » «Балалар және әлеуметтік желі»тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті
18
ақпан
2021

«Балалар және әлеуметтік желі»тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті


Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия 2021 жылдың 17-ші ақпан күні (ZOOM платформасында) онлайн форматтағы жалпы ата-аналар жиналысын өткізді. Күн тәртібіне қойылған, «Балалар және әлеуметтік желі»тақырыбында информатика пәнінің мұғалімі Баяхметова Шынар Султановна ақпарат берсе, екінші мәселе бойынша «Әлеуметтік желілердің мектеп оқушыларының психикасына әсері» тақырыбында педагог-психолог Жагипарова Айгерім Бахытовна ата-аналармен ой бөлісті. Сондай-ақ, «Жол-көлік жарақаттарының алдын алу» туралы кеңесті Семей қалалық басқармасының патрульдік полиция батальонының штаб бастығы, полиция капитаны Канапиянов Ермек Кайыртаевич берді. Күн тәртібіндегі маңызды мәселенің бірі Құқықтық жауапкершілік туралы, Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 2 шілдедегі № 169 VI ҚРЗ «Балаларды олардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы» , “Есірткіге жол жоқ!” тақырыптарында мектеп инспекторы Талжанова Жұлдыз Орынгазыевна мен №2 аурухананың салауатты өмір салты бойынша медбикесі Брик Лаула Маратовна толық ақпарат беріп, қоғамда болып жатқан сан алуан оқиғаларды мысалға келтіре отырып, ойларын түйіндеді. Жиналыс соңында ата-аналар бүгінгі күннің актуальды ақпараттарымен бөліскен мамандар мен мектеп ұжымына ризашылықтарын білдірді.