«Көңілі көтеріңкі ұстаздың еңбегі де жемісті» атты психологиялық тренингі » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » «Көңілі көтеріңкі ұстаздың еңбегі де жемісті» атты психологиялық тренингі
28
наурыз
2022

«Көңілі көтеріңкі ұстаздың еңбегі де жемісті» атты психологиялық тренингі

«Көңілі  көтеріңкі ұстаздың  еңбегі де жемісті» атты психологиялық тренингіне рефлекция
    Ұжымға 25 тамыз күні мектеп алаңында  «Көңілі  көтеріңкі ұстаздың  еңбегі де жемісті» атты психологиялық тренинг өткіздім. Жаңа  оқу жылының алдында мұғалімдерге  көтеріңкі көңіл-күй сыйлау,  жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында.  Қазіргі жаңартылған білім мазмұны міндеттерінің бірі ұжымда бірлесе, одақтаса еңбек ете отырып жеке тұлға қалыптастыру екендігін ескеріп, сол ұжымдық ортақ мақсатпен мүддеге бағытталған іс-әрекеттерді дамытушы Team building жаттығулары арқылы ұжымды біріктіруге бағытталған белсенді ойын- жаттығулар көмегімен өтілді. 
     Тренинг барысында «Қуыршақ»  жаттығуының көмегімен мұғалімдер жаңа оқу жылында жоспарлап отырған шығармашылық жұмыстары мен бөлісті. Зейінді дамытуға арналған «Жылдам және тез» жаттығуы мен командалық жарыс өтілді.  «Қораптағы доп»  жаттығуы арқылы ұжымдағы ұйымшылдық, ынтымақтастық, сыйластық қасиеттерін одан әрі дамытуға көмектесті. «Кедергілерден өту» жаттығуы арқылы ұстаздар біріксе үлкен күш, алынбайтын қамал жоқ  екендерін дәлелдеп ойынға белсенді қатысты.  Тренинг соңында А. Ораловтың  әні мен сөзіне жазылған  «Жақсы адамдар» әнін топпен орындап қорытындыладық.   Ұжым мүшелері тренинг соңында ризашылықтарын білдірді.