Беккасымов Аскар Конысбекович » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
01
қыркүйек
2022

Беккасымов Аскар Конысбекович

Беккасымов Аскар Конысбекович, кәсіптік бағдар беруші, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Беккасымов Аскар Конысбекович  - Менің ұстаздық еңбек жолым туған өлкем Жарма ауданы  Қапанбұлақ ауылынан бастау алды. Ол  1986 жылдың күзі болатын. Семейдің Н.Крупская атындағы педагогикалық институтын тәмәмдап ауылға жолдама алдым. 1991 жылдың тамыз айында жаңадан ашылған Сапарғали Әлімбетов атындағы негізгі мектепке директорлық қызметке тағайындалдым.
1999 жылы Семей қаласына қоныс аудардым. № 22 орта мектепте мұғалімдік  қызмет атқардым. 2001 жылы сәуір айында Шәкәрім атындағы  № 5 мектеп – гимназиясына мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалдым.
Сол  сәттен бастап менің өмірім осы қара шаңырақпен біте қайнасып кетті. Мектебімізде оқушыларымызға қамқор болып, мүдделерін қорғап қана қоймаймыз, дарынды қасиет қабілеттерін, тәрбиеде қалыптастыруда мектебіміздің маңызды принципі бар.  Соның дәлелі өңірімізге танымал болған ақындарымыз С.Тоқтамысова, Қ.Әубәкірова, Ф.Маратұлы, Н.Өмірбаев, А.Қосанов, Е.Жұмашева, біздің мектеп түлектері.
Патриотизмді, мораль мен парасаттылық нормаларын, этносаралық және қоғамдық келісімді, заңға мойын ұсынушылықты, сондай - ақ өскелең ұрпақтың дене және рухани дамуын қалыптастыруда, жас ұрпақтың санасында еліктеуге, үлгі ретінде Қазақстандық адамның бейнесін жасау жолында патриоттық клубымыз «Жас Қыран» ұйымын құрдық.
Мектебімізде дәстүр алған оқу жылы соңында өтетін ата- аналар алдындағы  мектеп ұжымының шығармашылық есеп беру жиналысындағы «Үздіктер шеруі», білім, өнер, спорт, түрлі  дәрежедегі мәдени іс – шаралар  жеңімпаздарының керуені ол да мектептің өзіне тән ерекшелігін көрсетеді.
Педагогикалық еңбегімнің нәтиже көрсеткішін ақпараттық құралдарға жариялап, тәжірибеммен де бөлісіп  отырамын. «Ұстаз кәсіби компетенттіліктерін арттыру   үрдісіне  жаңа келіс», «Әлемдік білім беру кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері» тақырыптарындағы халық – аралық, аймақтық конференцияларға қатысып баяндама жасап, қорғадым.
Республикалық ғылыми – әдістемелік «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақстан мұғалімі», «ХХІ ғасыр мектебі», «Білім технологиялары» басылымдарында сабақ әзірлемелерім жарыққа шықты.
Қарапайым ғана атқарған еңбегімнің жемісін бағалап «Семей қалалық білім бөлімінің, Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы қалалық, Республикалық комитетінің, Семей қаласы әкімінің , ШҚО ӨҒП «Дарын» орталығының, Құрмет грамоталарымен, «Нұр Отан» партиясының, «Союз Атамекен» Қазақстан   ұлттық  экономикалық палатасының, Семей қалалық ІІБ  Алғыс хаттарымен, «Білім саласын дамытуға қосқан үлесі үшін», «Медаль» За профессиональные заслуги» 2014. (Ұлттық Бизнес Рейтинг).
Қазақстан Республикасы Білім  және Ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталдым. 2017 жылы Семей қаласының білім бөлімінің «Үздік ұстаз» номинациясы бойынша марапатталдым.