Байшокенова Раушан Ахметжановна » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
01
қыркүйек
2022

Байшокенова Раушан Ахметжановна

Байшокенова Раушан Ахметжановна - Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
 «Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. 1985 жылы 17 наурызда дүниеге келген, білімі жоғары. 2007 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтында «Шет тілі: 2 шет тілі» мамандығы бойынша аяқтаған. 

Жетістіктері:

ҚР БжҒМ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АО   ұйымдастыруымен “5-9 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы шеңберінде күрделі тақырыптар бойынша ағылшын тілі пәні мұғалімінің пәндік құзыреттерін жетілдіру” тақырыбы бойынша сертификатпен марапатталған.

2022 ж Өскемен қаласында «Өрлеу» ұйымдастырған “5-9 сыныптарға арналған оқу  бағдарламасы шеңберінде күрделі тақырыптар бойынша ағылшын тілі пәні мұғалімінің пәндік құзыреттерін жетілдіру” тақырыбы бойынша алғыс хатпен марапатталды.

2022 ж Семей қаласы Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы қалалық комитетінің атқару комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

2022 ж Өскемен қаласы «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсының аймақтық кезеңінде сертификатпен марапатталды.

Семей қалалық оқу-ағарту қызметкерлері кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен;

ELT Assessment Literacy Writing және ELT Assessment Literacy Speaking республикалық вебинарынан сертификатпен;

«Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен Абай облысының білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысының екінші тәжірибелік бөлімі аясында “Командалық оқыту арқылы білім сапасын қалай көтеруге болады?” атты тәжірибелік бөлімін өткізгені үшін алғыс хатпен;

2023 ж Астана қаласы “Назарбаев зияткерлік мектептері” ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдары педагогтеріне арналған  “Lesson Study: рефлексивті тәжірибеден тұрақты көшбасшылыққа” I Ұлттық конференциясы сертификатпен;

2023 ж Астана қаласы “Назарбаев зияткерлік мектептері”ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдары педагогтеріне арналған “Lesson Study: рефлексивті тәжірибеден тұрақты көшбасшылыққа” I Ұлттық конференциясының постерлер байқауына сертификатпен;

2023 ж Kundelik.kz ЖШС “Цифрлық сауатттылық негіздері және ААЖ-да жұмыс істеу Kundelik.kz ҚР жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері үшін” 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыру онлайн курсынан сертификат;

2023 ж Семей қалалық оқу-ағарту қызметкерлері кәсіподақ комитеті төрайымы «Білім беру жүйесіндегі,кәсіподақ қозғалысындағы көп жылғы адал еңбегі мен қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін» Құрмет грамотасымен;

2023 ж «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АО   ұйымдастыруымен "Мектеп командасы: тиімді басқару және білім сапасы" курсынан сертификатпен марапатталған.