Байшокенова Раушан Ахметжановна » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
10
қазан
2025

Байшокенова Раушан Ахметжановна

коммуналдық мемлекеттік мекемесі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. 1985 жылы 17 наурызда дүниеге келген, білімі жоғары. 2007 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтында «Шет тілі: 2 шет тілі» мамандығы бойынша аяқтаған. 
Жетістіктері:
ҚР БжҒМ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АО   ұйымдастыруымен “5-9 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы шеңберінде күрделі тақырыптар бойынша ағылшын тілі пәні мұғалімінің пәндік құзыреттерін жетілдіру” тақырыбы бойынша сертификатпен марапатталған.
2022 ж Өскемен қаласында «Өрлеу» ұйымдастырған “5-9 сыныптарға арналған оқу  бағдарламасы шеңберінде күрделі тақырыптар бойынша ағылшын тілі пәні мұғалімінің пәндік құзыреттерін жетілдіру” тақырыбы бойынша алғыс хатпен марапатталды.
2022 ж Семей қаласы Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы қалалық комитетінің атқару комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2022 ж Өскемен қаласы «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсының аймақтық кезеңінде сертификатпен марапатталды.
Семей қалалық оқу-ағарту қызметкерлері кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен;
ELT Assessment Literacy Writing және ELT Assessment Literacy Speaking республикалық вебинарынан сертификатпен;
«Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен Абай облысының білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысының екінші тәжірибелік бөлімі аясында “Командалық оқыту арқылы білім сапасын қалай көтеруге болады?” атты тәжірибелік бөлімін өткізгені үшін алғыс хатпен;
2023 ж Астана қаласы “Назарбаев зияткерлік мектептері” ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдары педагогтеріне арналған  “Lesson Study: рефлексивті тәжірибеден тұрақты көшбасшылыққа” I Ұлттық конференциясы сертификатпен;
2023 ж Астана қаласы “Назарбаев зияткерлік мектептері”ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдары педагогтеріне арналған “Lesson Study: рефлексивті тәжірибеден тұрақты көшбасшылыққа” I Ұлттық конференциясының постерлер байқауына сертификатпен;
2023 ж Kundelik.kz ЖШС “Цифрлық сауатттылық негіздері және ААЖ-да жұмыс істеу Kundelik.kz ҚР жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері үшін” 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыру онлайн курсынан сертификат;
2023 ж Семей қалалық оқу-ағарту қызметкерлері кәсіподақ комитеті төрайымы «Білім беру жүйесіндегі,кәсіподақ қозғалысындағы көп жылғы адал еңбегі мен қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін» Құрмет грамотасымен;
2023 ж «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АО   ұйымдастыруымен "Мектеп командасы: тиімді басқару және білім сапасы" курсынан сертификатпен марапатталған.